Мерекелік лебіздер легі

Құрметті
қостанайлықтар!
     
сайлаубек ИщановСіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Өткен жылға қарайлай, сеніммен: Қазақстан табысты жетістіктерге жетті деп айта аламыз. Бұған қостанайлықтарда айтарлықтай өз үлестерін қосты. Біздің облысымыздың барлық қол жеткізген жетістігі – бұл Отанымыздың игілігі үшін жасаған біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.  Бізді алда үлкен істер күтіп тұр. Жаңа ауқымды жобаларды іске асыру міндеті тұр. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз ойлағанның барлығы міндетті түрде орындалады  деп сенемін.
Қымбатты қостанайлықтар! Келер жыл – баршамызға сәттілік және жақсы өзгерістер, қуаныш алып келсін, жақындарыңыздың жылуы мен қамқорына бөленіңіздер! Келер жылдағы табыс бұдан да елеулі, қиындықтар еңсеруге ыңғайлы, армандар асқақ болғай. Сіздерге 2020 жылы денсаулық, бақыт, тұрақтылық пен игілік тілеймін!
Сайлаубек Ещанов,
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
 
 
Құрметті
қостанайлықтар!
 
укинСіздерді Жаңа 2020 жылдың төрге шығуымен құттықтаймын! Бұл – бізді балалық шаққа жетелейтін, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас кездесулер сыйлайтын ерекше көркем мереке. Дәстүрлі түрде ол бізді отбасылық шеңберде, шырша маңына, мерекелік үстел басына жинайды.
Біз 2019 жылды қанағатты сезіммен шығарып салғалы тұрмыз. Осы жыл ішінде елімізде көптеген саяси және экономикалық оқиға болды. Қуантатыны, Қазақстан демократиялық қайта құрулардың тұрақты бағытынан айнымай, ілгері жылжып келеді және бүкіл әлем үшін ұлтаралық келісімнің, бейбітшілік пен достықтың үлгісі болып қала бермек.
2019 жылғы ең елеулі оқиғаның бірі – мемлекеттің жаңа басшысын сайлағанымыз болды. Ел тізгінін бізге бұрыннан таныс әрі жұрт сенім артатын Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстағаны аса маңызды. Бұл – Қазақстанның әдеттегідей демократия, бостандық және адамсүйгіштік идеалдарын, халықтың рухани жаңғыруы, өркендеуі идеясын ұстанады деген сөз.
Соғыс және еңбек ардагерлері оқшау лебіз сөзге, айрықша құрметке лайық. Олардың жауынгерлік және еңбеккерлік ерліктері саналы ұрпақ жадында мәңгілік сақталады.
2019 жылы біздің облыс елдің дамуына өзінің зор үлесін қосты. Инвестиция тартылып, жаңа нысандар пайда болып, жұмыс орындары құрылуда, тұрғын үй құрылысы қарқын алып, облыстың көптеген азаматы пәтер кілтіне ие болды.
Құрметті жерлестер, келе жатқан 2020 жылы сіздерге күш-қуаттарыңыз артып, жаңа мүмкіндіктерді еңсерулеріңізге тілектеспін! Жаңа жыл баршаңызға тек қана табыс, құт-береке және баянды бақыт әкелсін! Денсаулықтарыңыз зор және шаңырақтарыңыз шаттыққа толы, аспандарыңыз ашық болсын!
Кенжебек Укин,
Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы
 
 
Мерейлі жыл болғай!
     
img_4749Міне, әне-міне дегенше жыл да мәресіне жетіп қалды. Құдайға шүкір, дені-қарным сау, отбасымда, балалар мен немерелер, шөберелерді  көріп жүріп жатырмын. Ұрпағымның бір парасы Нұр-Сұлтанда тұрады. Мені со-ғысты көрген әрі еңбек ардагері ретінде  астана мектептері кездесуге шақырып тұрады.  Барған сайын Елорданың өскені, көркейе түскенін көріп, адамдармен жүздесіп бір жасап қаламын. Астанамыздың еңсесі биіктеп, мәртебе, абыройының артқанына қалай шаттанбайсың. Оның үстіне бас қаламызда өзіміздің қарадомалақтарымыз жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар ерен еңбектің үлгісін көрсетуде.
Ал өзіміздің Қостанайға келетін болсақ, сөз жоқ жылдан-жылға Қостанай қанатын жайып өркендеп,өсіп келеді. Аз ғана уақыттың ішінде жаңа шағын аудандар пайда болды. Зәулім сарайлар мен сауықтыру орындары салынды. Бір ғана Жастар сарайының өзі не тұрады!  Көз тартатын, жан сүйсінтетін істер көп-ақ.
Мен үші алдағы 2020 жыл ерекше болғалы тұр. Құдай қаласа жасым 95-ке, шығармашылық қызметіме – 70 жыл толмақ. Осы бір мерейлі сәттерді өз дос-жарандарым, ағайын-жұрт болып тойлауға жазсын деп тілеймін.
Ал менен 2 жас үлкен өзімнің өмірлік серігіме айналған "Қостанай таңы" газетінің  мазмұны мен көркіне ризамын, ұжымына да шынайы көңілмен шығармашылық табысқа жете беруіне тілектеспін!
Қасымхан АЛДАБЕРГЕНОВ,
 соғыс және еңбек ардагері
Алдағы жылдан үміт көп
 
орис яшукиркызыМен  үшін Қостанай  өңірінің орыны бөлек.  Өмірімнің жалындаған жастық кезеңі, қайтпас-қайсар  күш-қуатымның толысқан шағы бәрі де Торғай  өлке-сінде журналистік қызметте өтті. 1976-1997 жылдарда Торғай облыстық телерадиокомпаниясында тілші, аға қызметкер, комментатор, бөлім меңгерушісі секілді лауазымдарда жұмыс істедім. Журналистік қызметте жүріп ұлан-байтақ Қостанай жерінің тарихи-шежірелі жерлерін араладым. Небір жайсаң да жампоз кісілермен сұхбаттастым. Айнымас дос-жаран таптым. Шығармашылығыма шабыт, дем берген түрлі құбылыстар мен оқиғалардың куәсі болдым.
Біле білген кісіге өңірдің әлі ашылмаған рухани қазынасы, тарихи шежіресі көп. Батырлар мен ақындар мекендеген, жампоздар мен жайсаңдар өмір сүрген сайын даланы кезіп, тереңірек зерттеулер жүргізсе, көнекөздерді сөйлетсе белгілі жайттың белгісіз қырларына қанығар еді! Шалғайдағы Жанкелдин, Аманкелді, мына жақтан Қамысты, Науырзым, Қарабалықта талай көмбе  бар. Жаңа жылда арнайы экспедиция шығып, аралап, қайта үңілсе, қайта зерделесе, сөз жоқ кенелер байлық табылады. Оның үстіне, келер жыл – еріктілер жылы. Бастамашыл жастар табылып қалар.
Алдағы жылдан үмітіміз көп. Жылдан-жылға өрісі кеңейіп, өркендеп келе жатқан мен үшін айрықша облыс жұртшылығына ырыс-береке, амандық тілей-мін!
 
Өріс Яшүкірқызы,  
Қазақстан Журналистер және  Жазушылар одағының мүшесі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓