7-20-25: 1200 отбасы баспаналы болды

2019 жылы Қостанай облысында 1204 отбасы қоныс тойын тойлаған. ҚР Ұлттық банкінің "Баспана" ипотекалық ұйымы" еншілес құрылымының мәліметтеріне сүйенсек, аталған көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 1137 отбасыға артық. Осынша жанұя "7-20-25" және "Баспана Хит" тұрғын үй бағдарламалары арқасында жаңа жылды жаңа қоныстарында қарсы алғалы отыр. 7-20-25Айта кеткен жөн, тұтас Қазақстан бойынша осы бағдарламалар арқасында жалпы сомасы 228,8 млрд теңгеге 25 338 отбасы баспаналы болған. Оның 9 732-сі астаналықтар мен алматылықтар болса, қалған 15 606-сы елдің басқа қалаларынан.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓