Бір бітпейтін жыр – оқулық

Ең алдымен сапалы оқулық пен оқу-әдістемелік құралдары керек  деп айтарымыз анық. Жыл сайын жаңа оқу жылы бастал-ғанда,  әйтеуір, оқулық жетпей жатыр деген "бір бітпейтін жыр" басталады. Міне, биылғы оқу жылында да  оқулықтардың тапшылығы жайында   әңгіме   болды.
кітапҚР Білім және ғылым министр-лігі мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жа-ңыл Жонтаеваның айтуынша, ҚР Білім туралы заңына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің құзіретіне  тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың бағ-дарламасын әзірлеу кіреді. Бекі-тілген бағдарлама жергілікті ат-қарушы органдарға жіберіледі. Осыдан кейін жергілікті атқа-рушы органдар баспамен келісім-шартқа отырып, аймақтардағы мектептерді оқулықпен қамтама-сыз етуге міндетті. Ал, оқулық-тарды сатып алуға жергілікті бюд-жеттен 8,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы оқушыларды  қажетті оқулықтар және оқу-құралдары-мен  қамтамасыз етуге толықтай жетеді екен. Әйтседе,  бәрібір  елімізде оқулық жетпейді.
Біздің мектептеріміздің  оқу-лықтармен қамтамасыз етілуі қандай деген сұрақпен облыс-тық білім басқармасының бас маманы А.Аушаменоваға жолы-ғып, әңгімелескен едік.
– Басқа өңірлерге қарағанда, біздің облысымызда  биылғы жылғы жаңа оқу жылында   оқу-лық пен оқу-құралдарына деген тапшылық жоқ. Рас, жаңа оқу жылы басталғанда  Жітіқара ау-даны мен Лисаков қаласындағы мектептерімізге оқулықтарымыз дер кезінде жеткізілмей қалған-ды. Мәнісін анықтап білдік.  Мына жанар-жағармайдың тапшылы-ғынан  оқу-құралдарын тиген жүк машина Қарағанды  маңында тұрып қалыпты. Бір-екі күннен кейін оқулықтарымыз да келіп жетпек. Сондықтан  қазіргі кезде оқулыққа деген зәрулік жоқ.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен   оқулықтар сатып алуға 327 млн. теңге қаржы бөлінді. Өткен жылға қарағанда  10 млн. теңгеге артық.  Оқу бағдарламасына оқулықтардың жаңаруы тек төрт жылда бір рет, кезең-кезеңімен жүзеге асыры-лады. 2014/15 оқу жылында тек 3-ші және 10-сыныптың оқулық-тары ғана жаңартылған. Бұл  оқу-лықтармен толықтай  мектептері-міз қамтамасыз етілді. Басқа сы-ныптардың оқулықтары жаңар-тылған жоқ, сондықтан олар биылғы оқу жылына жарамды. Келесі жылы білім беруді  дамы-тудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 пен 11 сынып оқушы-ларына арналған оқулықтар жаңартылады.  Ол оқулықтарды да  оқушыларымыздың мектеп кітапханасынан алуына мүмкіндік болмақ.
Ал, 2015 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қарастырыл-ғанындай оқушыларымыз тегін оқулықтармен қамтамасыз еті-летін  болады. Жергілікті бюджет-тен бөлінген қаржы есебінен жыл сайын кезең-кезеңімен оқулық-тарымызды жүз пайыз бойынша сатып аламыз. Сол себепті де  мектеп кітапханасының қоры то-лықтырылып тұрады. Рас,  қазіргі кезде бірлі-жарым  оқулықтар оқушыларымызға жетпеуі мүмкін.  Соған орай кейбір мектептерде оқулық  жәрмеңкелері ұйымдас-тырылып тұрады. Оқушы бала-ларымыз  жоқ немесе жетпей тұр-ған оқулықтарын сол жәрмең-кеден сатып алады, – деді бізге өз әңгімесінде  маман.
Гүлназым
        САҒИТОВА
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓