Отбасы табысы неге ескерілмейді? – Президент пікірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыда неліктен отбасының табысы ескерілмейтінін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Токаев"Үкімет алдында мұқтаж отбасыларды атаулы әлеуметтік көмекпен әділ қамтамасыз ету тапсырмасы тұр. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар да бар. Осы орайда қоғамдастықтың және Ұлттық кеңес мүшелерінің жаңа форматтағы көмекті көрсету кезінде отбасы табысын ескермеу туралы ұсынысы ескерілді. Расында да әр табысты жеке-жеке есептеу туралы норма қиындау. Салдарынан ұрыс-керіс, ажырасу, "жұмыстан шығу", жемқорлық сияқты факторлар туады", — деп түсіндірді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Сондай-ақ, Тоқаев отырыс барысында Ұлттық банк өкілдеріне валюта айырбасына қатысты мәліметтерді қолжетімді етуді тапсырды. Бұдан бөлек, Президент митингілерге қатысты ойын айтты. Тоқаев митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келгенін де тілге тиек етті.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓