Шаңғы базасы ашылады

Қостанай облысында шаңғы базасы ашылмақ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті. Архимед Бегежанұлы өңірдің спорт саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, осы жылы халықаралық дәрежедегі 11 спорт шебері, 80 спорт шебері және жоғары санатты 19 бапкер дайындалған.
959d9738d39eaf972c010b1885c6b0bd
– Қостанай облысы – 1976 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері  Иван Гаранинді, коньки спорты бойынша әлем чемпионы Денис Кузинді, 2018 жылы Паралимпиада қысқы ойындарының чемпионы Александр Колядинді дайындаған  Қазақстанның солтүстік өңірі.  2020 жылы Қостанай қаласында қазіргі заманғы шаңғы базасының құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Қазір  спорт резервін дайындау бойынша жұмысты 32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі  жүргізеді, онда жалпы білім беретін мектептердегі балалардың санынан  19 мыңнан астам бала жаттығумен қамтылды. 2,5 мыңға жуық спорт құрылысының арқасында жаппай  спортпен айналысатын халықтың үлесі 31,6% ұлғайды (республика бойынша орташа көрсеткіш 29,9%). Биыл ауылдық       жерлерде 12 жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді, – деді өңір басшысы.  
Облыс әкімі хабарлағандай, таяуда 2500 көрерменге   арналған    мұз   спорт   сарайы және  50 метрлік бассейн  құрылысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің  2 жобасы басталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓