Мақсат – диабеттің алдын алу

Бүгін облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында кең көлемді акция өткізді. Шара барысында қаламыздағы №3 емхананың дәрігерлері басқарма қызметкерлерінің қан қысымын, салмағын өлшеп, қандағы қант құрамы мен холестерин мөлшерін анықтады. Ал, орталық мамандары жиналғандарға ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолы туралы айтып, қант диабеті мен сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу, әйел денсаулығы, дұрыс тамақтану туралы мәліметтермен де бөлісті. Сондай-ақ, шара барысында нәзік жандылар маммолог мамандардың да көмегіне жүгініп, тегін тексерілуге мүмкіндік алды.
зожиха1
зожиха2
зожуха3
зожиха
— Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты қант диабеті ауруының алдын алып, тұрғындарға саламатты өмір салтын ұстанудың қағидаларымен бөлісу. Себебі, бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының да жаһандық проблемаларының біріне айналып отыр. Жұрт көңіл аудара қоймайтын бұл ауру уақыт өткен сайын көбейіп барады. Бұған басты себеп — адамдардың аз қимылдауы, шектен тыс салмақ қосуы, ұн өнімдерін көп пайдалану, майлы және қуырылған тамақтарға әуес болуы және тағы басқалар. Сондықтан, фаст-фуд пен майға қуырылған тағамдарды аздап жеу керек. Саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, көп қозғалу қажет. Егер ауыз құрғап, көп шөлдесеңіз бірден дәрігерге баруға кеңес береміз, — дейді орталықтың атқарушы директоры А.Сәдуақасова.
Шараға жиналған басқарма қызметкерлері де мұндай акциялардың өте маңызды екендігін әрі өз нәтижесін беретіндігін айтады.
-Бүгінгі өткізіліп жатқан шара біз сияқты жұмысбасты қызметкерлер үшін өте тиімді. Себебі, күнделікті жұмыстан бас алмайсың, тіпті ауырып жүрсек те дәрігерге баруға уақыт жоқ деп кейінге шегере береміз ғой. Ал, мынадай акциялардың арқасында денсаулығымызды бір тексертіп аламыз. Аурудың алдын алуға арналған осындай іс-шаралар ең болмағанда, жарты жылда бір өткізіліп тұрса, — дейді басқарма қызметкері Индира Жұмағалиева.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓