Әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты

Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жітіқара ауданының әкімі Абай Ыбыраев Мемлекет басшысының Жолдауын іске  асыру аясында Жітіқара ауданында шағын және орта бизнесті дамыту, инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Аудан әкімінің айтуы бойынша Жітіқара ауданының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 10 ай ішінде жалпы сомасы 56 млрд. 349 млн. теңгеге өнім шығарылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  31,2% немесе 13,4 млрд. теңгеге артық. Нақты көлем индексі — 114,9 %-ды құраған.

IMG_0935

–Жалпы облыс құрылымында өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша аудан 4-ші орында тұр. Құрылыс жұмыстары 2 млрд. 153 млн. теңгеге орындалды, өсімі 4,9% немесе 101 млн теңгені, жұмыстардың НКИ-103,1%-ды құрайды. Іске асырылған жобаларға келер болсақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, құны — 440,8 млн.теңге, ұзындығы 29,8 км, Забеловка ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, жалпы құны — 476,3 млн. теңгені құрайды.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 17,5%-ға төмендеумен, 8 млрд 124 млн. теңгеге өндірілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 31,5%-ға азайды. Аудан шаруашылықтарымен 25 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Ағымдағы жылы 210,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Жедел ақпарат бойынша орташа өнімділігі-2,4 ц/га болатын, жалпы астық жинау 47,1 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 3 есе аз.Аудан экономикасының негізгі капиталына 86%-ға артуымен, 13 млрд.100 млн. теңге инвестициялар тартылды. Аудан бойынша инвестициялардың НКИ-165,9% құрады. Соңғы 5 жылда аудан кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігі 5 есеге өсті, – деді аудан әкімі Абай Сәрсенбайұлы.
Шағын және орта бизнес саласында ауданда 107,2% — ға ұлғаюымен 1940 субъект жұмыс істейді. Онда 6825 адам жұмыспен қамтылған. Бұл өткен жылғы кезеңнен 7,7% — ға артық. 2019 жылы жергілікті атқарушы органдармен ауданның жер қойнауын пайдаланушы компанияларымен жалпы сомасы 169,5 млн.теңгеге әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар жасалды. Аталған қаражат қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар мен іс-шараларды өткізуге, спорт алаңдарын салуға, шағын сәулет нысандарын құруға, аудан мектептерінің ағымдағы жөндеуіне, сондай-ақ 6 көп балалы отбасы үшін тұрғын үй сатып алуға, дәрігерлер мен педагогтардың пәтерлерін жөндеуге бағытталды.
Газбен жабдықтау мәселесін шешу үшін аудан бюджетінде жобалық сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеуге 10 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған.
–Ағымдағы жылы 4 шағын ауданда №33-ші 80 пәтерлі үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды, жұмыстарды жүргізу мерзімі 2019-2021 жылдарға жоспарланды. Жоба сомасы – 463,5 млн.теңгені құрайды. Үйді қалпына келтірілуі тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасылар мен аз қамтамасыз етілген санаттағы азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Республикалық, облыстық және аудандық бюджет қаражаты есебінен аудандық және қалалық көлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы бюджет қаражатынан барлығы 793,4 млн.теңге бөлінді, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, аудандық бюджет қаражаты есебінен 88,1 млн. теңгеге аудандық мәдениет сарайының шатырын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 млн. теңге сомасына ғимараттың терезелері ауыстырылды.
 Сонымен қатар, аудан әкімі ағымдағы жылдың 10 қарашасында  қаза болған балалардың оқиғасына  байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
–Әкімдік өз жауапкершілігімізді алып тастамаймыз, көл орталық скверде кеңес заманынан бері болған. Оны Жітіқара тұрғындары ешқашан қауіпті деп санамаған. Келесі жылы көлдің жанында полицияның стационарлық пунктін қою үшін шағын сметалық құжатты әзірлейміз. Бақылау камералары мен полиция бекеті жасанды көлдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады, — деді аудан әкімі  Абай Сәрсенбайұлы.
 Сондай-ақ, аудан әкімі қазір қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін 73 бақылау камерасын Мемлекеттік сатып алу шаралары  жүріп жатқанын айтты. Камералар бірнеше жасанды су қоймасы маңында орнатылатын болады.
 
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓