«Darmen» – халыққа жәрдем

Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына арналған «Darmen» деп аталатын тегін әрі тиімді мобильдік қосымшасын қосуға кеңес береді. Аталмыш жоба осы жылдың көктемінде жұмысын бастаған болатын.
maxresdefault
– Төтенше жағдайлар туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін биылғы жылдың 15 мамырынан бастап, СМС құлақтандырумен қатар тегін мобильді «Darmen» қосымшасы іске қосылды. Жобаны отандық компания әзірленген. «Darmen» іске қосу үшін Жапония мен АҚШ елдерінің халықты мобильдік қосымша арқылы құлақтандыру тәжірибесі зерделенген. Мобильді қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы төтенше жағдай қаупі мен туындауы туралы жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір «Darmen» тәжірибелік пайдаланудан өтті. Ол хабарламаларды жедел жеткізуде бұрыннан қолданылып келе жатқан СМС құлақтандырумен салыстырғанда аса тиімді екенін көрсетті дейді сала мамандары.
Сапа бар жерде, сұраныс та бар. Бүгінде облысымыздың мыңдаған тұрғыны осы қосымшаны жүктеп алған. Қосымшаны App Store және Plaу Market мобильдік телефондар үшін қондырғылар бөлімінде «Darmen» атауын енгізіп жүктеп алуға болады.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓