Мерекенің тәрбиелік мәні болу керек

20171216085335Алдағы уақыт еліміз үшін маңызы зор екі мереке тұр – Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Жалпымемлекеттік мерекелерді даңғаза тойдан гөрі идеологиялық тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Келер жылы Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толса, арғы жылы Тәуелсіздігіміздің 30-шы мерейтойы. Сол себепті, Тұңғыш Президентіміздің тарихтағы рөлі мен сіңірген еңбегі және егеменді мемлекетіміздің құрылу жолы, табысты өркендеуі өзек болу керек.
Осы және алдағы мерекелердің ұйымдастырылуы жөнінде аймақ әкімдігінде өткен слекторлық жиында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев баяндады. Айтуынша, жыл сайын той-мерекелер бір сарында ұйымдастырылып келеді. Негізінде мұндай шаралар азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталу қажет. Мәселен, мейрам сайын мұғалім, дәрігер, оқушы, мемлекеттік қызметшілерден бөлек, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобын, зейнеткерлерді, кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық жұмысшыларын көбірек тартқан жөн.
— Түрлі сала үздіктерін марапаттаумен қатар, патриоттық маңызы бар жиындарды көбірек ұйымдастыру керек. Жаңа өндіріс нысандарын ашу, баспана тапсыру салтанаты, инфрақұрылымды жақсарту қатарлы шаралар көрініс тапса құба-құп. Алдағы 22 қарашада Заречный ауылында дәрігерлерге 20 пәтердің кілтін тапсыру және облыстық жедел медициналық орталыққа заманауи құралдармен жабдықталған 5 реанимобиль беру шаралары өтеді. Федоров ауданының Таза-Шандақ елді мекенінде «Тұрар» ЖШС-мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қайта салынған амбулаториялық пунктің ашылу салтанаты ұйымдастырылмақ. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов, Жітіқара ауданының Забелов, Сарыкөл ауданының Златоуст және Арқалық қаласының Восточный елді мекендерінде су құбырларын іске қосу шаралары өткелі отыр. Бұл – 5300-ден астам тұрғын таза тіршілік нәрімен қамтылады деген сөз. Ал Денисов ауданының Некрасов ауылында 2 мың адамды көгілдір отынмен қамтитын газ құбыры іске қосылмақ, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында білім басқармасына қарасты 50 жатын орындық бейімдеу орталығы ашылғалы отыр. Онда қатарына ілесе алмаған балалардың дамуы мен психологиялық-педагогикалық жағынан қолдау көрсетіледі. Бір ерекшелігі, ондағы тәжірибелі мамандармен қатар ата-аналарға да орталыққа жұмысқа орналасуына болады. Ал биылғы Жастар жылының қорытынды жиыны Тұңғыш Президент күніне орай өткізілмекші. Онда облысымыздың барлық салада жетістікке жеткен жастары шақырылып, өңірдің «Алтын кітабына» енгізілгендерді құрметтеу жоспарланып отыр. Қараша айының соңында жыл сайынғы «Триумф» жеңімпаздарына арналған салтанатты жиын өтеді. Оған халықаралық, республикалық олимпиадалар және спорттық сайыстарда жеңімпаз болған 140 жүлдегер мен олардың тәлімгерлері шақырылмақ.
— Әрине, мерекелік шаралар жоғарыда айтылғандармен шектеліп қалмайды. Жыл аяғына дейін әлі көптеген баспана кілттері тапсырылғалы отыр. Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы бюджет қызметкерлеріне екі бағыттағы 45 пәтер Тәуелсіздік күніне дейін аяқталуға тиіс. Кеңес дәуірінде болмаған газ тарту жұмыстары қолға алынуда. Осы науқандардың барлығына орасан зор қаражат тартылды. Расымен өзім де әр мемлекеттік мерекеміздің тәрбиелік маңызда өткенін құптаймын, — деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.   
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓