Темірлан жеңімпаз атанды

фото1
Қостанайда балалар құқығын қорғауға арналған «Біз – болашақ ұрпақпыз» республикалық балалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Конкурсты «Nur Otan» партиясының қолдауымен Generation Next жастар жобасы ұйымдастырған. Байқауға 7-18 жас аралығындағы 137 бала қатысыпты. Оның 7-і Қостанай облысынан атынан өз жұмыстарын жолдаған.
Жас буындар конкурс кезінде түрлі роликтер мен эссе жазған. Жұмыстардың басым бөлігі әлеуметтік желіден қорғану, жарқын болашаққа ұмытылу сынды тақырыптарға жасалған. Арасынан ең үздік деп танылғандар бар. Әсіресе, балаларды қорғау тақырыбында жазған эсселері республиканың қазылар алқасының көңілінен шығыпты. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. 
 -Келешігіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарымыздың қолында. Өйткені олар ертеңімізді жасайтын бүгініміз. Еліміздің қуаты мен қорғаушысы күші де – жастар. Сіздер қатысқан байқау партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткізіліп отыр. Мен Сіздерді балаларға қамқорлық жасауға шақыруға үгіттеген әсерлі шығармаларыңыз үшін, ақпараттық қауіпсіздік жайында көтерген мәселелеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Алайда бүгінгі күннің өзекті мәселесін алған тартқан балалар да бар екен. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін, — деді «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.
Бас жүлдені Қостанай жоғары экономикалық колледжінің І-курс студенті Темірлан Зайырбаевқа бұйырды.  Марапаттау рәсімін Эльдар Күзенбаев өткізіп, балаларға алдағы өмірлеріне ақжол тіледі.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық байқауға біздің өңірден 7 бала қатысып, жеңімпаз атанып отыр. Олар өз еңбектерімен түрлі идеяларының арқасында үздік деп танылған.
фото 2
-Осындай іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Себебі, кез-келген бала өздерінің балалық шағының қорғаушылары бола алады деп есептеймін. Күн сайын олар балалармен байланыста. Мен адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді өз шығармама арқау еттім, — деп бізбен қуанышын бөлісті байқау жеңімпазы, «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінің түлегі Темірлан Зайырбаев.
DSC_4022
Суретте марапаттау сәтінен көрініс.
Сурет «Nur Otan» партиясы облыстық филалының мұрағатынан алынды.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓