Тас-таяқ турнирі (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қостанайда өңір журналистері арасында Мемлекет қайраткері, профессор Жанділдә Мақановты еске алуға арналған бильярд турнирі өтті.IMG_0295
            Турнир ұлағатты ұстаз, білікті тәлімгер, қоғам қайраткерінің құрметіне алғаш рет ұйымдастырылды. Бәсекеде бағы мен бабын сынауға Ж.Мақановтың үзеңгілес болған әріптестері, көзкөрген інілері, шәкірттері және жас тілшілер жиналды.IMG_0559
IMG_0507
            "Бұл, ең әуелі, елдің ардақты азаматына деген құрмет. Ол көзі тірісінде осы секілді шаралардың бастамашысы болып, іске асуына үнемі қолдау білдіріп жүруші еді. Еткен еңбегі, қалдырған ізі, айтқан сөздері, жарқын бейнесі мәңгі жадымызда. Сондықтан осы шара рухқа тағзым жасаудың жарқын үлгісіндей. Жалпы, бильярд деген – денені ғана емес, ақыл-ойды жаттықтыруға септігін тигізетін спорт түрі. Ендеше, лайықты ойыншы топ жарсын", — деді турнир ашылуында сөз сөйлеген облыстық "Қостанай таңы" газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков. Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов пен облыстық "Қостанай" телеарнасының директоры Ербол Ипбергенов де лебіздерін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.IMG_0400
IMG_0427Тас-таяқ тартысында шеберлігін сынға салып көруге 16 үміткер тілек білдірген. Қарсыластар "соқыр" жеребе арқылы анықталды. Әуесқой спортшылар арасынан үздіктерді іріктеу бір мезетте үш үстел басында өтті. Жеңілгендер жарыс жолынан біржола шығып, айы оңынан туған ойыншылар қайта жұпталып отырды. Осылайша, үміттілер қатары сирей берді. IMG_0460
IMG_0440
IMG_0433
IMG_0534
IMG_0554
IMG_0530
IMG_0473
IMG_0484
IMG_0572
IMG_0600
IMG_0570Жартылай финалда редакциямыздың атынан шыққан әбжіл әріптесіміз Қыдырбек Қиысхан "Қостанай" телеарнасының директоры Ербол Ипбергеновтен шеберлігін асырды. IMG_0433IMG_0630Тағы бір әріптесіміз Нұрқанат Құлабаев "Алау" телеарнасының қызметкері Манарбек Қосқоловты "тас-талқан" етті. IMG_0547Ақтық айналымда – "Қостанай таңының" қос ойыншысы. Қол созымдағы Кубок үшін тартыста Н.Құлабаев қаламдас інісі Қ.Қиысханнан айла асыра алмады. Ал үшінші орын үшін таласта Е.Ипбергенов М.Қосқоловты айқын басымдылықпен жеңді.IMG_0576
IMG_0648Сонымен, 1-орынды жеңіп алған Қыдырбек Қиысханға турнир Кубогы мен "алтын" медаль табысталды. "Күміс" жүлдені Нұрқанат Құлабаев иеленіп, "қола" медальді Ербол Ипбергенов тағынды. Үш үздік ойыншы әр орынға тиесілі ақшалай жүлдемен марапатталды.IMG_0657
IMG_0661
IMG_0674
IMG_0677
IMG_0683Айта кетейік, бұл жарысқа Жанділдә ағамыздың баласы Олжас Мақанов қаржылай демеушілік жасады. Турнирдің басы-қасында жүріп, ойдағыдай өтуіне елгезектік танытқан әріптесіміз Қасқырбай Қойшымановтың еңбегін де атай өту керек.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓