Көгілдір отынсыз қала тұрғындары

Редакциямызға облыс орталығындағы «Колесные ряды» шағын ауданының Красный кузнец, Пионерский, Юный боец қатарлы бірнеше көшесінің тұрғындарынан арзу хат келіп отыр. 47 адам қол қойған хатта аталған көшелерге әлі күнге газ құбыры тартылмағаны, Тобыл дарияға жағалай орналасқан олар күні бүгінге дейін пеш жағып отырғандарын айтып шағымданады.IMG_20190826_143746
IMG_20190826_143758«Әкімшілік жағынан өз шешімін таппай, халық наразылығын тудырып жатқан мәселелер аз емес. Солардың бірі – газ мәселесі. Бүгінгі күндері, тіпті, аудандық өңірлерге дейін газ тартылып жатқанда, 140 жылдық тарихы бар Қостанайдың ең алғаш ел қоныстанып, бастау алған бөлігі – біздің «Колесные ряды» шағын ауданы осы күнге дейін қара түтінін бұрқыратып, көмір жағып отырғанын қалай түсінуге болады?.. «2019 жылы газ беріледі» деп 2-3 жыл бұрын темір қазықтарын қағып, белгі салып кеткеннен кейін соған сеніп, салынып бітіп, газ күтіп отырған үйлер бар. Жаз өтіп кетті. Әне-міне дегенше күз де өте шығады. Сонда біздер газды қай уақытта өткізіп жетіспекпіз? Газ жүйесінің жобалық-сметалық құжаты дайын көрінеді. Оны барып білдік. Ендігісі әкімшілікке байланысты болып отыр… Құрметті редакция, осы істің анық-қанығын біліп берсеңіздер екен. Біздерге халықты дүрліктіріп, анау айтты, мынау айттының керегі жоқ. Әкімшіліктен ресми жауап керек», — деп жазыпты тұрғындар.
Айтпақшы, 20 жыл бойы табиғи газ отынына қол жеткізе алмай келе жатқан «өркениеттен алшақ» қала тұрғындары облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің де атына хат жолдадық дейді.IMG_20190826_143806
 
IMG_20190826_143817Мәселенің мән-жайын осы салаға жауапты Қостанай қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінен сұрадық.
«Облыстық энергетика және ТКШ басқармасы Қостанайдағы «Колесные ряды» ауданын көгілдір отынмен қамту жөнінде жобалық-сметалық құжатын әзірлеп, сараптама қорытындысын алды. Енді бұл құжат біздің құзырымызға беріледі. Жобаны орындау 2020 жылға жоспарланып отыр. «Колесные ряды» шағын ауданының тұрғындары атынан келген хаттағы Красный кузнец, Пионерский, Юный боец көшелерінен бөлек, Буденов көшесін қосқанда 4 көшенің 190 үйіне газ құбыры тартылатын болады. Жоба жұмыстарының құны 76 миллион теңге», — дейді Қостанай қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрәли Есіргепов.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓