Ашық есік күні өтеді!

24 тамыз күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерде бауырдың қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Барлық ниет білдірушілер диагностикадан тегін өтіп, онколог дәрігерлерден кеңес ала алады.онко
Егер Сізде ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы, яғни іштің кебуі, іш қуысындағы жайсыздық, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, құсу, сонымен қатар оң жақ қабырға астының ауруы, тері қабаттарының сарғыштығы, тез шаршау, белгісіз себеппен салмақ жоғалту белгілері байқалса дереу тексерістен өткеніңіз абзал. Сондай-ақ, мамандар В және С вирустық гепатиттері бойынша инфекционист маманның есебінде тұрған сырқаттарға да жүгіну керектігін ескертеді.
Ашық есік күні Қостанай қаласы, С.Көбеев көшесі 2, 213-ші кабинетте өтеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓