«Шеберлер елі» Рудныйда

Рудный қаласының «Рассвет» сауықтыру орталығында Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразиялық топтың «Шеберлер елі» атты дәстүрлі бірлескен акциясы өтті.
руАталмыш шараға арнайы келген қонақтар, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Нива» журналының бас редакторы, ақын әрі жазушы Орынбай Жанайдаров, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры Жанарбек Әшімжанов, Қазақстанның журналистер және жазушылар Одағының мүшесі, белгілі  әдебиеттанушы Татьяна Фроловская мен жергілікті ақын-жазушылар қатысты. Осы жылғы акция Еуразиялық топтың 20 жылдығына арналған. Еңбекші қауымның арасында зор қолдауға ие болған әлеуметтік жобаның басты мақсаты – еңбек адамының беделін көтере отырып, өнеркәсіпті өңірлердің тұрғындарын отандық әдебиет пен мәдениетке жақындату.
рудАкция «ССКӨБ» АҚ жұмысшылары арасында өткен «Қазақстан, еңбегім саған!» атты әдеби байқаудың жеңімпаздарын марапаттаудан басталды. Одан кейін «Шеберлер елі» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өткізіліп, кеншілер қаласының бір топ ақыны ортаға шығып өз өлеңдерін оқуға мүмкіндік алды. Шара барысында елордалық қонақтар шеберлік сыныптар өткізіп, жергілікті қаламгерлермен емін-жарқын әңгіме-дүкен құрды.
 
Қуаныш Сейдоллаұлы
Рудный қаласы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓