Жазғы Азияда ойындарына барады

Қостанайлық 9 спортшы Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII жазғы Азияда ойындарына қатысады.
азияСпорт сайысы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында болады. Қазақстан құрамасының сапында тоғыз қостанайлық бар. Спорттың жеңіл атлетика түрі бойынша Марина Масленко, ауыр атлетикадан Сәуле Сәдуақасова, бокстан Антон Пинчук және Иван Дычко, грек-рим күресінен Мақсат Ережепов, маунтинбайктан Артем Головащенко, гольфтан Бекарыс Сұлтанғазин және Қазақстанның волейбол құрамасында Анастасия Ростовщикова, гандбол құрамасында Кристина Капралова бар. Аталған жерлес спортшылар дәрежелі додада ел намысын қорғайтын болады.
Қымбат Досжанова

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓