Кенді өлкенің келісті істері

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Рудный қаласына болды. Алдымен Қостанай-Рудный бағытындағы тас жолда аймақ басшысын «ҚазАвтоЖол ҰҚ» филиалының директоры Андрей Горват күтіп алды. Ол ұзындығы 28 шақырым келетін автожолды жөндеу үшін қандай материалдар мен технология қолданылғанын айтып, сапасына кепілдік берді.
DSC_0860
Архимед Бегежанұлы атбасын тіреген келесі нысан – «ССКӨБ» АҚ. Соколов кенішінің көру алаңында кәсіпорын басшысы Береке Мұхаметқалиев Ресей, Қытай мен ішкі нарыққа жыл басынан бері қанша өнім жөнелтілгенін тілге тиек етіп, кен алыбының даму жоспарымен бөлісті.
DSC_0835
Әкім өңір экономикасы үшін маңызы жоғары Цемент зауытына да барды. Кәсіпорынның басқарушы директоры Артем Макласов құны 16,8 млрд теңгені құраған зауытта сәуірде цементтің алғашқы сынама партиясы алынып, мамырда кәсіпорын толық іске қосылғандығын атап өтті.Маусымда цеменнтің екі маркасы сәйкестік сертификатына ие болды. Ендігі мақсат – Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік пен Батыс Қазақстанның нарығын бағындырып қана қоймай, өнімді алыс-жақын шетелгі экспорттау.
Облыс әкімі сонымен қатар Восточная көшесіндегі жаңа тұрғын үйдің құрылысымен мен мамырда ғана жекенің қолына өткен Мұзды спорт сарайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты. Аулааралық жолдар, балабақшалар мен мектептердің жөнделуі де назардан тыс қалмады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓