Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Дала шамшырағы аталып, дархан даланың алып тұлғасына айналған, ең алғашқы ұлы даланың ұлы ұстазы атанған Ы.Алтынсарин есімін қазақ халқы мақтан тұтады. Аяулы жерлесіміз Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде өмірден озды. Ол туған жері Қостанай қаласынан алыс емес аумақта, Тобыл өзенінің оң жағалауында  жерленді.  Бұл қорымда Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа мен өзге де туыстары мәңгілік тыныс тапқан. Абаттандырылып, жолы тартылған мемориалдық кешенді «Қасиетті Қазақстан» жобасына ұсынып, еліміздің киелі жерлер картасына енгізу көзделіп отыр. SONY DSCSONY DSCБиыл қайтыс болғанына 130 жыл болып отыр. Соған орай «Мәңгі өшпейтін тұлға» атты еске алу іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараны Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі ұйымдастырды. Бұл іс-шараға Қостанай қалалық ардагерлер кеңесі, Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қостанай ауданы әкімдігі, Қостанай облыстық және қалалық білім беру басқармалары мен қала мектептері, Қостанай облыстық мәдениет басқармасы, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар және жасөпірімдер кітапханасы қызметкерлері  атынан гүл шоқтары қойылды. SONY DSCЖиналған зиялы қауым және аты аталған мекемелр қызметкерлерінің өкілдері атынан ағартушының жасаған еңбектері жайында  және мұраларын айтып еске алды.SONY DSC
 
Шынар Досмағамбетова,
Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің
мемориалдық музейінің қызметкері

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓