Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі

«Nur Otan» партиясы түрлі спорт федерациялары және ұйымдармен бірлесіп спортты насихаттауға бағытталған ірі көлемді ұлттық және халықаралық, сонымен қатар аймақтардағы жүздеген спорттық шараларды тұрақты ұйымдастырып келеді. Айта кету керек, партияның қолдауымен жыл өткен сайын мүмкіндігі шектеулі спортшылардың да қатысуымен өтетін шаралар саны арта түскен.IMG_20190709_105355
Nur Otan партиясы Арқалық қалалық филиалының мұрындық болуымен жергілікті Қосымша білім беру орталығы бірлесіп доп додасын ұйымдастырды. Оған шағын шаһардағы жас жеткіншектерден құралған 10-ға жуық команда қатысты.IMG-20190711-WA0040
 
IMG-20190711-WA0041— Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Оны дамыту – баршаның ортақ міндеті. Осы ретте партия тарапынан түрлі спорттық шараларға қолдау көрсетіп жүрміз. Футбол — әлемдегі танымал спорт түрі. Сол себепті, жастарды біріктіріп, теңбіл доп додасын ұйымдастырдық,- деді "Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет.
Бір аптаға созылған шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Әр команда "А" және "Б" тобына бөлініп өнер көрсетті. Әрқайсысынан дара шыққандар бас жүлде үшін таласқа түсті. Аламан бәсекенің қорытынды ойынында Б.Майлин атындағы 3-ші орта мектебі командасы мен Ы.Алтынсарин атындағы гимназия аяқдопшылары өзара сынға түсті. Тартысты ойында алғашқылары жеңісті жұлып әкетіп, жарыс жеңімпаздары және "Nur Otan" партиясы кубогының иегерлері атанды. Үштікті М.Әуезов атындағы бесінші орта мектебінің жас спортшылары түйіндеді.b6e4e00b-87a2-40a6-899f-b7e507b0d890
 
ca14307c-e65e-4c0d-89b9-83be9915c88aЖеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
 
Әсел Қибаш
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓