«Тобыл» Еуропа лигасынан шығып қалды

«Астана Аренада» 2019/2020 жылғы Еуропа лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы раунды аясында Қостанайдың «Тобылы» Люксембургтың «Жөнесс Эш» командасын қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.zwWI1gRdLiQ-1024x664
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ шартты түрде алаң иелері саналатын қостанайлықтар допты бақылауында ұстауға тырысты. Ал қонақтар олардың әр қадамын аңдып, қарсы шабуылдарды ұтымды пайдаланбақ болды. Қонақтардың қырағы қорғаныс шебі «Тобылдың» шабуылдаушыларын біршама тұсап ұстады да. 21-минута қостанайлықтардың сол қанаттан ұйымдастырған шабуылын өрескел тоқтатқаны үшін грекиялық төреші Эммануил Скоулас айып добын белгіледі. Айып алаңына асырылған допқа талас кезінде қонақ команданың қорғаушылары «Тобылдың» 8-нөмірдегі қорғаушысы Виктор Дмитренкодан көз жазып қалды. Соны ұтымды пайдаланған Виктор жылдамдық танытып, ойындағы алғашқы голды соқты. Бірінші таймда басқа гол соғылған жоқ. 2-тайм да тартысты болды. Қонақтардың сирек қарсы шабуылдарының бірінде қостанайлықтар айып алаңының ішінде ереже бұзды. Пенальтиді 59-минутта қонақтардың 21-нөмірдегі қорғаушысы қалтқысыз орындап, есепті теңестірді. Эш қаласында өткен алғашқы матчта 0-0 есебі тіркелген болатын. Сырт алаңда соғылған гол ережесі бойынша, «Жөнесс» келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, «Тобыл» футбол клубы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, «Тобыл» Еуропа лигасындағы өз алаңында өтетін матчын «Астана Аренада» өткізді.
 
Сурет "Тобыл" ФК ресми сайтынан алынды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓