Шаршы кілем шеберлері

Нұр-Сұлтанда джиу-джитсу бойынша «Nur-Sultan Grand Prix» халықаралық турнирі аяқталды. Турнир нәтижесі бойынша Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды.65465707_2261890434126496_6917974926850785280_n
Екі күн бойы «Дәулет» спорт кешенінде өткен жарыста әлемнің 10 елінен келген 300-ден астам спортшылар бақ сынады. Атап айтсақ, Біріккен Араб Әмірліктері, Бразилия, Иордания, Ауғанстан, Түркменстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан балуандары келді.
Қатысушылар күрестің 4 түрі бойынша жарысты: Ne-Waza, Fighting, DUO және Contact-System. Қазақстан құрамасы аталмыш турнирде 70-тен астам медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Қазақстандықтар 27 рет алтын тұғырға көтеріліп, 21 күміс және 22 қола жеңіп алды.
Жүлдегерлер қатарында Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері бар: Олжас Сақаулов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Fighting түрі бойынша 1-орын, Ne-Waza бойынша 2-орынға ие болды. Сонымен қатар, Жанат Күлесов 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Contact-System бойынша 1-орын алды.
Жалпыкомандалық есепте екінші орынды Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасы алды. Олардың қанжығасында 6 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль бар. Өзбекстан командасы турнир қорытындысы бойынша 4 алтын, 2 күміс және 5 қола медальға ие болды.
— Бұл – өте беделді турнир. 10 елден халықаралық біріншіліктерде алтын, күміс медаль жеңіп алған күшті джитсерлер келді. Бәсекелестік кермет болды, бірақ біз лайықты деңгейде өнер көрсетіп, Қазақстанды бірінші орынға көтердік, — дейді Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкері Жанат Күлесов .
 
Кенже Қонысбай,
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓