Оң бастамалармен танысты

«Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  XVIII  Съезде берген тапсырмасына сәйкес, Федоров ауданында да жарқын бастамалар жүзеге асуда. Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артем Резник бастаған топ ауданға қарасты Жаркөл ауылындағы «Qutty meken» ұлттық жобасы аясында іске асып жатқан жобалармен танысты.  Мұнда газдандыру шаралары  жүргізілуде. Партия өкілдері құ­ры­лыс­тың қалай жүріп жат­қанын бақылап, сапасына на­зар аударды. IMG_20190620_111814
    "Nur Otan" партиясы еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Qutty meken» партиялық жобасын іске қосты. Әлеуметтік және инже­нер­лік инфрақұрылымдар құ­ры­лысының барлығына  партия өзі  тікелей бақылау жасайды",-  дейді  Артем Резник.
      Еске сала кетсек, 2017 жылдың мамыр айынан бастап Федоров ауданында газ таратқыш жүйені салу жұмыстары басталған еді.  Жобаның жүзеге асу мерзімі үш жылға жоспарланған. 2017 жылы 368 млн теңге игеріліп, 30 шақырым құбыр тартылды.  2018 жылы 615 млн теңгеге 50 шақырым, қалған 643 млн теңгеге 52 шақырым салынатын болады.  
"Қоғамдық бақылаудан басқа нәтиже беретін бақылау жоқ. Қандай да бір басқа бақылауды алсақ, ол жемқорлық тудырады. Қазір қоғамдық-партиялық жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жұмысқа барша халықты шақырамыз. Әр тұрғын заңбұзушылықтарға куә болып жатса, бізге хабарлай алады", – дейді «Qutty meken» ұлттық жобасының Федоров ауданында партиялық бақылаушы Тамара Решетникова.
Аталмыш партиялық жобасы аясында инженерлік желісі мен әлеуметтік нысандардың құрылысы басты назарға алынады. Ал «Нұротандықтар» жобаның сапалы әрі уақытылы жүзеге асуын бақылайды.  Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.
 
Әсел ҚИБАШ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓