ҰБТ – түлектер үміті

Қостанай облысының түлектері ҰБТ сынағын 21-29 маусым аралығында тапсырады. Нақты мерзімдері келер аптаның басында жария етіледі. Әзірге нақты белгілісі – тестілеу А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-де өтеді. ентБиыл мектеп тәмамдаған 7793 түлектің 3144-і ҰБТ тапсырады. 
"Бұл аса үлкен көрсеткіш емес. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, бізде шекаралық аудандар көп. Көбі шеараның арғы жағына кетеді. Яғни, олар жыл басынан-ақ өтінім қабылдап, барлығына сертификаттар беріп қояды. Бұл тұрғыда біздің облыста мұндай мәселе жоқ емес", — дейді Ұлттық тестілеу орталығының Қостанай облысы бойынша филиалының жетекшісі Нұргелді Хасенов. 
Баршамызға белгілідей, мектеп бітірушілер тестілеуден жылына 4 рет: қаңтарда, наурызда, тамызда ақылы оқуға, ал маусымда гранттық негізде білім алуға тапсырады. Осы айда түлектерге ҰБТ-ны әртүрлі қосымша пәндерден тапсыру мүмкіндігі беріледі. Мұнымен қоса сертификаттар жарамды болып қалады.
"Талапкерлер қаңтарда тестілеуден өтіп, өз бақтарын Ресей Федерациясы ЖОО-да сынап көруді жоспарлайтын кездер кездеседі. Сондықтан, егер жоспарлары әлдеқандай себептермен орындалмай қалса, олар сертификаттарымен қазақстандық ЖОО-на ақылы негізде түсе алады", — дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Арман Бекмағамбетов. 
Шекті нәтиже биыл өзгерген жоқ – 120 сұрақтан 140 балл жинау мүмкіндігі бар. Ал кейбір бағыттарға арналған бастапқы шамасында өзгерістер бар. Педагогикалық, ауыл шаруашылығы ғылымдары және био-ресурс мамандықтарының бастапқы балдары көбейтілді. Ол 60 балға тең. Қалған бағыттар бойынша балдар саны – 50. Ұлттық Жоғарғы оқу орындарына түсу үшін кемі 65 балл жинауыңыз қажет.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓