Облыс әкімінің құттықтауы

IMG_4149Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – Сіздерді өз істеріңізге адал қызмет етіп, төзімділік пен кәсіби шеберлік танытқандарыңыз үшін тағы бір мәрте алғыс сезімін білдіруге мүмкіндік береді.
Халықтың денсаулығы және оны сақтау – мемлекетіміздің жауапты міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы осы міндеттерді шешуге бағытталған. Сырқаттануды төмендету бойынша жыл сайынғы оң көрсеткіштер оның табысты іске асырылып жатқандығын айғақтайды.
Бүгінгі күні облыстың және жалпы елдің медицина қауымдастығы алдында салмақты, уақыттың өзі талап етіп отырған міндеттер тұр.
Оларды шешу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен көлемді қаржы бөлінеді, соның арқасында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп келеді, кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді, білікті кадрлармен қамтамасыз ету және жас мамандарды қолдау мәселелеріне баса  назар аударылып келеді.
Сіздердің қызметіңіз кез келген қоғамға қажет және өзекті болып қала береді, өйткені адам үшін ең қымбат нәрсе – өмір мен денсаулықты өздеріңізге сеніп тапсырады.
Сіздерге осынау айтулы күні зор денсаулық, ізгілік, отбасы берекесі мен жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!
 
Қостанай облысының әкімі  А. Мұхамбетов

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓