Көп балалы анаға үй әперді

Ұзынкөл ауданында тұрмысы аз қамтылған отбасылардың, көп балалы, жалғыз ілікті  аналардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Соның бір жарқын мысалы, жақында аудан әкімдігі мен жеке кәсіпкер Екатерина Ковалец бірлесіп, көп балалы Андросиктер отбасына үй сатып әперді.img_1632x1080x24_00282
         Мектеп жасындағы төрт баласы бар Галина Андросюк жергілікті жеке шаруашылықта еден жуушы болып еңбек етеді. Бұған дейін Андросиктер өз пәтері болмағандықтан  пәтер жалдап келген. Енді олардың жеке баспанасы бар. Отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ Төрт бөлмелі үй орталыққа жақын орналасқан.  Жеке ауласы, бау-бақшасы бар. Ауыз су құбыры тартылған. Аудан әкімдігі бұл отбасына қыстың күні  отын-судан көмектесуге уәде етті, ал, кәсіпкер Е. Ковалец үйдің жөндеу жұмыстарына қол ұшын бермек.img_1632x1080x24_00310
        
-Жалпы, өңірде мұндай игі шаралар одан әрі тұрақты түрде жалғасатын болады. Біздің міндетіміз аудандағы  әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тиісті жағдай жасау. Өңір кәсіпкерлері де қолдан келген жәрдемін аямауда, -дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Мұхамедьяров.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓