Облысқа 250 дәрігер келеді

Биыл Қостанай облысына жас дәрігерлер көптеп келеді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.20190605151111
Аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі есебін тыңдаған.
«Өткен жылы барлық мемлекеттік бағдарламалар есебінен 101 жас маман жұмысқа тартылды. 2019 жылы осы көрсеткішті кем дегенде екі есе арттыру міндетін қойдым. Облыстық бюджеттен 90 дәрігерге көтерме ақы төлеуге 135,6 млн теңге бөлінді. Алдағы 2 айда 100 млн теңге көлемінде демеушілік қаражат тартылатын болады. Жас мамандарды біздің өңірге жұмысқа шақырамын!», — деп жазды аймақ басшысы.
Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!» және «Еңбек» бағдарламалары аясында 50 жас маман жұмысқа тартылады. Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, биыл облысқа 250 дәрігер келеді.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓