ОБЛЫС БЮДЖЕТІ ҚАЙТА ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыстық мәслихат отырысында 2018 жылғы облыс бюджетінің орындалу нәтижесі қорытындыланды. Сондай-ақ 2019 жылғы бюджетке тоықтырулар мен түзетулер енгізілді. Жиында Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова баяндама жасап, былтырғы бюджеттің орындалуы жөнінде есеп берді.
«Облыстың бюджеттік саясаты Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Былтырғы облыс бюджетінің мөлшері —  193 млрд теңге.  Мұның сыртында, жоспардан тыс  2,2 млрд теңге қосымша қаржы түсті. Оның 85%-і  — мемлекет бөлген мақсатты трансферттер мен субвенциялар, яғни кейін қайтарылып берілетін мақсатты жәрдем қаржылар. Қалғаны — өңірдің жеке табысы мен қайтарылған қарыздар. Қостанай облысы бюджет қаржысын тиімді игеру жөнінен республика бойынша Ақтөбеден кейін екінші орында келеді», — деді А.Жүсіпова.
          2018 жылы облыс бюджетінің тең жартысынан астамы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыруға жұмсалған. Бұл бағытта игерілген қаржы көлемі – 100,9 млрд теңге. Нәтижесінде 6 көп қабатты, 81 жеке үй пайдалануға беріліп, 20 көп қабатты, 30 жеке тұрғын үй құрылысы  басталған. Сондай-ақ, былтыр облыс қазынасынан ауыл шаруашылығын қолдауға 29,2 млрд теңге, транспорттық инфрақұрылымды дамытуға 23,4 млрд теңге, кәсіпкерлік саласын дамытуға 12 млрд теңге бөлінген.
          Өңір тұрмысының ырыс-берекесі ең әуелі қарапайым халықтың өмір сүру сапасымен өлшенеді. Облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытында былтыр облыс бюджетіне бірнеше рет түзету енгізіліп, әлеуметтік саланы дамытуға арналған қаржы 44,5 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
 
ИНФОГРАФИКАинфогр
          Жиын барысында 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті қайта қаралды. Бұл жөнінде баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Г.Мұсағазина  бюджетті қайта пысықтауға мемлекеттік сатып алулар барысында үнемделген қаржы мен облыс қазынасына құйылатын қосымша кіріс көздерінің пайда болуы түрткі болғанын айтты. Бюджет қаржысы бірінші кезекте тұрған мынадай мақсаттарға жұмсалмақ:
Басқарма атауы
Облыс бюджетінен бөлінген қаржы
Мақсаты
Жолаушылар көлігі басқармасы
1 683,2 млн теңге
Облыс орталығындағы 17 көше оңдалады.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
1 373,7 млн теңге
1 067,3 млн теңге —  Қостанайдағы «Аэропорт», Юбилейный», «Қонай», «Береке» шағын аудандары абаттандырылады;
133 млн теңге — Арқалықтағы Шақшақ Жәнібек көшесіне орналасқан 107-үй жөнделіп, сыртқы инженерлік жүйесі жаңартылады.  Әлеуметтік маңызы жоғары бұл жоба жүзеге асса, тұрғын үй кезегінде тұрған 115 отбасы баспаналы болады:
56,3 млн теңге — облыстың геоақпараттық порталы жасалады. Бұл жер қатынастары және сәулет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматттандыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте Қостанай, рудный қалаларының геоақпараттық порталын жасау жоспарланған;
50,5 млн теңге — Жітіқарадағы сауықтыру-спорот кешенінің құрылысы аяқталады;
40,5 млн теңге – Қостанайдағы Индустриалды аймақтың инженерлік жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады;
 23,8 млн теңге – Лисаковтағы «Алақай»  спорттық-сауықтыру саябағының сыртқы инженерлік жүйесіне жұмсалады;
2,3млн теңге – «Аэропорт» шағын ауданындағы 4 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалады.    
Энергетика және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық басқармасы
944,7 млн теңге
500 млн теңге – Арқалық қаласына мазут сатып алынады;
50,4 млн теңге – Арқалықтағы жылу қазандығы жөнделеді;
215,7 млн теңге – «Аэропорт» шағын ауданына су құбыры тартылады және Тобыл жағалауы саябағын абаттандыру жұмыстарына жұмсалады;
38 елді мекеннің су құбыры жүйесін дамыту бойынша ЖСҚ жасалады.
 
Білім басқармасы
717,9 млн теңге
475,2 млн теңге – Қостанайдағы №21,30 мектеп және №3-балабақшаға күрделі жөндеу, №15 мектепке ағымдағы жөндеу жүреді;
 160,0 млн теңге – Қостанай қаласы мен қарасу ауданындағы мемлекеттік білім мекемелері үшін жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары сатып алынады және жеткізіледі;
— 44,2 млн теңге – білім беру саласындағы гранттарғы жұмсалады;
— Жітіқара политехникалық колледжінің шатыры мен шеберханалары күрделі жөндеуден өтеді;
 
Мәдениет басқармасы
200,8 млн теңге
Бұрынғы Марал ишан мешітінің ғимаратына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүреді.
Денсаулық сақтау басқармасы
135,6 млн теңге
Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін 110 дәрігерге көтеремеақы төленеді.
Ветеринария басқармасы
83,8 млн теңге
Энзоотикалық аурулардың алдын алу шараларына жұмсалады.
Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы
52,1 млн теңге
50 млн теңге – Арқалық қаласындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне несие беріледі;
2,1 млн теңге – техникалық және ақпараттық қызмет көрсететін сайттар мен мобилді қосымшаларға, ақпараттық киоскілерге жұмсалады. Басты мақсат – атқарушы билік пен азаматтардың интернет ресурстары арқылы байланысын қамтамасыз ету.
 
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
22 млн теңге
Алқаптарды шегірткеден қорғау шаралары жүргізіледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
17,7 млн теңге
118 соғыс ардагеріне әлеуметтік өтемақы төленеді. Ардагерлерге берілетін жәрдемақы 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
          Жиын соңында облыс әкімі биылғы бюджет бөлінісіне түсініктеме берді. «Биыл біз ауылдық мекендерге дәрігерлер тарту үшін 135,6 млн теңге жалпы сомасы көлемінде көтеремеақы белгілеп отырмыз. Қалалық мекендерге де дәрігер жетіспейді. Бұл бағытта да жұмыс жүріп жатыр. Ал ауылдың жағдайы өте ауыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. Бірақ оның көтермеақысы  айтарлықтай жоғары емес. 180 мың теңгенің шамасында ғана. Бүгінде жастардың дені мұндай көтермеқаржыға аса қызығушылық танытып отырған жоқ. Сондықтан қосымша шаралар қарастырып жатырмыз. Егер кадрмен қамтамасыз ете алмасақ, медициналық нысандар тұрғызып, оған заманауи құрылғылар сатып алудың қажеті қанша?  Ең маңызды мәселе  —  кадрмен қамтамасыз ету. Мұның сыртында біз қазір «КИК» ипотекалық компаниясымен ынтымақтастық орнаттық. Олар біздің жергілікті құрылыс компаниялары тұрғызған пәтерлерді сатып алып,  мұғалімдер мен дәрігерлерге беретін болады. Биыл 400 дәрігер мен мұғалімді баспанамен қамтуды көздеп отырмыз. Мұның сыртында  бізде жалдамалы тұрғын үйлер бар. Басқа да  бағыттарда жұмыс жүріп жатыр, — деді өңір басшысы.
 
Нұрқанат Құлабаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓