ЖЕҢІСТІҢ 74-ші КӨКТЕМІ (фоторепортаж)

Бүгін – Жеңіс күні! Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 74 жыл. Әрі азалы, әрі қуанышты датаны қостанайлықтар жылдағыдай лайықты деңгейде атап өтті.IMG_1794
IMG_1800
IMG_1792Ұлы Жеңісті атап өтуге арналған шаралар Қостанай қаласының орталығында басталды. Алаңға жиналған тұрғындар әуелі "Батырлар, сіздерге мың алғыс!" атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Бұдан соң облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мерекелік құттықтауын жолдады.акиммммммм
"…Миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыстың аяқталғанына бүгін тура 74 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс 1700 қала мен кентті күйретті, бірнеше мың кәсіпорын істен шықты. Бірақ, аталарымыз бен әжелеріміздің арқасында бейбіт күн кешіп отырмыз. Соғыс кезінде қостанайлықтардың да алдыңғы шепте жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Облысымыздан 73 мыңнан астам сарбаз соғысқа аттанды. Солардың 24 мыңнан астамы ұрыс алаңдарында, 3,5 мыңы госпитальдерде алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы 16 мыңға  жуық солдат хабарсыз кетті. 500 қазақстандыққа "Кеңес Одағының батыры" атағы берілсе, соның 40 батыры – Қостанайдан… Айта кету керек, сол сұрапыл жылдарда Қазақстанға  ондаған  әскери  зауыт  көшірілді,  оларда  ер адамдар  ғана  емес,  әйелдер,  қарттар,  балалар жанқиярлықпен  еңбек  етті.  Соғыс  жылдарындағы  барлық ауыртпалық  солардың  иықтарына  түсті.  Тек Қостанайға ғана 10 кәсіпорын мен мекеме жіберілді. Облыс орталығына бірнеше госпиталь көшіріліп, Сталинград әскери-авиация училищесі орналастырылды. Біз, қостанайлықтар мақтан тұтар ерлер аз емес. Соғыс пен тыл бейнетін көрген жандардың барлығын батыр десек артық емес,- деді Архимед Мұхамбетов. — Құрметті қостанайлықтар! Шаңырағы биік, іргесі берік елде тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Отанымызда бейбітшілік құсы мәңгі қалықтасын. Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!IMG_1782
 
IMG_1821
IMG_1817
IMG_1941
IMG_1936
IMG_1784Бұдан әрі "Мәңгілік полк" азаматтық-патриоттық акциясы жария етілді. Қолдарына сұм соғыстың куәгері болған ата-әжелерінің суретін ұстап шыққан қостанайлықтар қалың шепке қосылып, орталық алаңнан бастап, Баймағамбетов көшесі бойымен жылжыды. Шеру басында билік өкілдерімен бірге, Қостанай қаласында тұратын 50 ардақты ардагердің үшеуі – Қасымхан Алдабергенов, Михаил Подоляков және Иван Руденко жүрді. Тағы 25 қарт майдангер бірден мәңгілік алау басына баруды жөн таныған. Ал қалғандарының мерекені көппен бірге қарсы алуға денсаулықтары мұрша бермепті…
IMG_1844
IMG_1830
IMG_1865
IMG_1901
IMG_1913
IMG_1920Шеру Жеңіс саябағына келіп аялдады. Отан үшін шайқаста шаһит болған қостанайлық жауынгерлер тізімі жазылған мемориалға гүл шоқтары қойылды. Тағзым ету рәсімі "Ерліктері ғасырлар бойы ұмытылмайды" атты салтанатты митингпен жалғасты. 
IMG_1970
 
IMG_2048
IMG_2011
IMG_2030
IMG_2019
IMG_2056
IMG_2053Айта кету керек, биыл Жеңіс саябағында жөндеу жұмыстары жүріп, 40 шақты қостанайлық майдангердің бюсті орнатылған болатын. Облыс әкімінің бастамасымен іске асқан жобаға 100 млн теңге жұмсалды. Қола мүсіндердің бұған дейін қайсысы кімдікі екені белгісіз-тін. Бүгін саябаққа ұйысқан қостанайлықтар ескерткіштерге зер салып, есімдерімен танысып жатты. Парк ішіндегі бір емес, екі сахнада ән-күй әуеледі. Әлеумет әскери, патриоттық әуендердің әсеріне бөленіп, табиғат аясында солдаттар ботқасынан ауыз тиіп, көрнекі көрмелерді тамашалады. IMG_2002
 
IMG_1966
IMG_2072
IMG_2142
IMG_2148
IMG_2153
IMG_2162
IMG_2122
IMG_2134
IMG_2139
IMG_2096
IMG_2172
IMG_2079
IMG_2085
IMG_2167
IMG_2100
IMG_1945
IMG_2174
IMG_2180
IMG_2188
IMG_1923Мерекелік шаралар кешкі 18.00-де қала орталығында "Майдан жолымен" және "Ұлы Жеңіс мелодиялары" атты концерттік бағдарламалармен қорытындыланады.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓