Имамдарға пәтер берілді

Қостанай өңіріндегі дін саласында қызмет атқарып жатқан бірқатар қызметкер Рамазан айының алғашқы күні, яғни қасиетті Ораза басталғанда үлкен қуанышқа кенелді.IMG_4961
Облыстық мешіттің ауызашарға арналған басқосуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет жиналған қауымның алдында наиб имам Абзал Сұлтанғалиұлына қызметтік пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Сол секілді қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкері, жас маман Нұрлан Жұмабекұлы да үйлі болып, шаттыққа бөленді. IMG_4970
Сондай-ақ, облыстың бас имамы есімі республикаға кеңінен танымал, белгілі журналист-жазушы, дін саласын жазып жүрген қаламгер Оразалы Жақсановты зейнет жасына толуымен құттықтады. Қазақы дәстүр бойынша оның иығына зерлі шапан жапты. IMG_4967
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓