Жас ақындар бас қосты

Облыстық қазақ драма театрында "Махаббат қызық мол жылдар"  атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Шараға өңірге танымал жыршы Қыдырбек Қиысхан, композитор, айтыс ақыны Марғұлан Оспанов, "Шабыт" меценаттар сыйлығының иегері Аслан Қанғожиндер қонақ ретінде шақырылды. Жас ақындар отырысын облыстық театр ұжымы мен Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана бірігіп өткізді. Еске салсақ, 2016 жылы кітапхана жанынан "Ақ қауырсын" әдеби үйірмесі құрылған болатын.
 
dav
 
— Мұндай әдеби отырыстар, әсіресе, жас ақындардың шығармашылығымен етене таныс болуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта да осындай рухани шараларды өткізуге мұрындық боламыз. Тың жобаларымыз бар. Бастысы, облыста әбеби ортаны жандандыруға атсалысу, — дейді театрдың әдебиет бөлімінің жетекшісі Абылай Мауданов.
Поэзия кешіне театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссері Әлия Баймахан да қатысты. Ол Эдуард Асадовтың өлеңін оқып берді. Қыдырбек Қиысханұлы мен Марғұлан Оспанов домбыра алып, жиылған жұртты бір желпіндіріп тастады.

davdavdav
 Жандос Жүсіпбек, Нұрқанат Бұқабаев, Нұрлыбек Кенжеахмет, Дос Құбаш, Нұрсұлтан Сабыржан, Махаббат Жарбосина, Дәулет Жадырасын, Қарлығаш Сұлтан, Алмас Мұратбек, Данияр Ихсан, Жауынбай Жылқыбайұлы сынды ақын, әртістер өнерлерін ортаға салды.

dav
 Кешке қатысқандар Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі романы негізінде сахналаған қойылымға тегін кірді. 

dav

Читайте также:

1 комментарий

  1. Қайрат:

    Екі ақын да тең дәрежеде өнер көрсетті дегенмен Мамай ақын сөз саптауы жақсы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓