«Қайратты» қапы қалдырды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 9-турының орталық матчында «Қайрат» пен «Тобыл» кездесті. Жанкүйерлер бұл матчта көп гол көре алмады. Алматыдағы кездесудің тағдырын бір ғана гол шешті. 87-минутта ойынға тыңнан қосылған Бауыржан Тұрысбек гол соғып, «Тобылға» жеңіс сыйлады. Оның голына грузиялық легионер Ника Квеквескири мүмкіндік жасады.
Осы ойыннан кейін «Тобыл» 20 ұпай жинады. Турнир кестесінің 3-сатысында. Ал «Қайратта» 16 ұпай бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓