Айыппұл өсіміне наразы

Қостанайлық кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиялық қадағалау органдарының айыппұлды он есе өсіріп жібергеніне наразы. Бұған дейін шағын кәсіпкерлікте заңның бұзылғаны үшін  ҚР КоАП  1 бабы бойынша 50 500 теңге айыппұл салынса, енді 11 сәуірден бастап оның көлемі 580 750 теңгеге бір-ақ жеткен. Осыған байланысты өңірлік кәсіпкерлік палатасына облыстағы шағын кәсіпорындардың иелерінен ұжымдық шағымдар түсіп жатыр. Олар мұндай қомақты айыппұл кәсіпкерлікті біржола тұншықтырады дейді.images
-ҚР КоАп-тың 425-і бабы бойынша халықтың саулығы, сондай-ақ гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер адамдардың улануына немесе жаппай ауруға шалдығуына абайсызда жол берудің өзі заң бұзушылық болып есептеледі.  Яғни,  кез келген кәсіпкерге қоғамдық орындарда темекінің зияндығы жөнінде ескерту ілмегені үшін де айыппұл салуы мүмкін. Бұл дұрыс емес.  Ұсақ кәсіпкерлердің мұндай айыппұлды төлейтін мүмкіндігі жоқ,-дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы құқық қорғау бөлімінің басшысы Ренат Дәулетбаев. 
 Палата кәсіпкерлердің үндеуіне шұғыл түрде жауап қатты. Республикалық деңгейде арнайы кеңес өткізіліп, ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарасты  қоғамдық  денсаулықты қорғау комитетіндегілермен алдын ала келісімге келді.
-64-1 бапта істің маңызы төмен жағдайда әкімшілік жауапкершіліктен босатылады делінген. Тек ауызша ескертумен шектеледі. Өкінішке қарай, бұл норманы мемлекеттік органдар өте сирек қолданады,-дейді Ренат Дәулетбаев.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓