Жалпықалалық сенбілік

Көктем келіп, жер қарая бастасымен қалалық билік жылдағы дәстүр бойынша жерлестерді бірінші жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырды.
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппарат қызметкерлері көктемгі сенбілікке қатысты. Күрек, сыпырғыш, тырмамен "қаруланған" өрт сөндірушілер учаскені қоқыстан тазартып, көгалдарды ретке келтірді. Ғимаратқа іргелес аумақ та қамтылды. Осылайша, қаланың эстетикалық келбетін жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. 
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

 
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бұл күндері қалалықтардың барлығы өз мекемелерінің аумағын қоқыстан тазалауға кірісті. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жалпықалалық сенбілік көктем келген сйын өткізіледі. Біздің қызметкерлер үшін осындай іс-шараларға белсенді қатысу да үйреншікті әрі жауапты іске айналған. Өрт  сөндіру қызметінің қызметкерлері тазалық пен тәртіпті барлық жерде сақтауға тырысады.
Жалпы, Қостанайдың әрбір тұрғыны сүйікті қаласының тазалығын, тәртібін сақтауға үлес қосуды парыз сезінуі тиіс.
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓