Адасқан айыппұл

Бухгалтерлік қателіктің кесірінен қостанайлық кәсіпкер 200 мың теңгеден астам ақшасынан айырыла жаздады.ФОТО-СОТ-1 (1)
«Кварт LTD» ЖШС-іне өз қызметкеріне төленбеген 3 000 теңге үшін 100 АЕК айыппұл салған. Есептеу барысында қателік кеткенін әлденеше рет түсіндіргенмен, одан еш нәтиже шықпағасын Наталья Лапшина облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді.
Әкімшілік құқық бұзушылық іс сотта қаралды. Наталья Лапшина серіктестік жұмысшысының айлығын, мерекелік күндерімен қоса, демалысын есептеп түгел төлегенін айтады. Оның бұл сөзін есеп айырысу кезінде қателік жіберген бухгалтер де қоштады.
Қостанай қалалық әкімшілік соты істен ешқандай құқық бұзушылық таппағаннан кейін, істі тоқтатты.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓