Қылмыс деңгейі төмендеді

Аймағымызда 2017 жылға қарағанда, былтыр қылмыстық құқық бұзу 7,6% (15 952) аз тіркелген (2017 жылы 17 261). Алдын алу шараларының кешенді ұйымдастырылуы нәтижесінде кісі өлтіру (1,5%), адам денсаулығына зақым келтіру (4,4%), зорлау (1,3%), тонау (12,4%), бұзақылық (26,2%), тартып алу (38,2%), ұрлық (8,7%) қылмыстары айтарлықтай төмендеген. Бұл жөнінде облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов тұрғындар алдында есептік кездесу барысында баяндады. Snimok-1-640x397Халықпен сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуде мекеме басшысы алдымен өңірдегі қылмыстық ахуалға тоқталып, оның алдын алу барысында қолға алынып жатқан шараларға тоқталды.
Айта кетейік, генерал өткен жылдың қараша айында көпшілікпен кездесу өткізген болатын. Ол кезде тұрғындар департамент бастығына қылмыстық-процессулдық заңдылықтың кейбір нормаларына түсініктеме беру, із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздестіру шаралары және өз-өзіне қол жұмсау деректеріне қатысты нақты қылмыстық істердің тергелу барысы, Қостанайдың Солтүстік-Батыс ауданы мен Алтын Арман жаңа қалашығындағы полиция инспекторларының санын көбейту мәселелеріне қатысты сан сауалдар қойған еді. Бекет Аймағамбетов бұлардың ешқайсысы назарсыз қалмағанын айтты.  
— Қарашадағы кездесуден кейін Пушкин көшесіндегі құрылыстың ұзақ кешіктірілу дерегіне қатысты Евгений Лошкаревті, «Вега» жеке ғимараттар кооперативі мүшелерінің қаражатын қымқыру дерегіне қатысты Валентина Райкованы,  жол-көлік оқиғасына қатысты Сембай Ісмұхамбетовті жеке қабылдадым. Барлығы бақылауыма алынып, Департаменттің жауапты басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Ал төтенше жағдайлардан кейін сыни мақалалар жарық көріп жатады. Біздің тарапымыз мемлекеттің, азаматтардың мүддесіне қарай қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергелу барысын толық жарияламай, ақпаратты шектеп беруімізге тура келеді, — деді генерал.
Бас полицей былтыр өңіріміздегі барлық ауыр деңгейдегі тіркелген қылмыстардың азайғанын жеткізді. Атап айтсақ, аса ауыр – 2,7% (150-ден 146-ға), ауыр – 4,2% (910-нан 872-ге), орта ауыр – 7,4% (11 609-дан 10 755-ке) және ауырлығы төмен қылмыс 15,4% (1 848-ден 1 564-ке) төмендеген. Департамент бастығы сондай-ақ, елді мекендерде жасалатын қылмыс 24,3%, қоғамдық орындарда 21,2% және топпен жасалатын қылмыс 16,9% азайғанын жеткізді.
— Соған қарамастан, қарақшылық шабуыл (3%) мен алаяқтықты (4,5%) тіркеу деректері артып отыр. Сараптама көрсеткендей, әрбір үшінші алаяқтық фактісі ғаламтор арқылы жүзеге асырылады. Электронды әмиян, «интернет-банкинг» және онлайн қарыз алу қызметтерін қолданушылар арбаушылардың құрығына ілігіп жатады, — деді Б.Аймағамбетов.
Биылғы ақпан айында өзгертулер мен толықтырулардан кейін күшіне енген ҚР Қылмыстық Кодексінде дәніккен ұрылыр мен алаяқтарға қатысты жазасы қатайып отыр. Бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасап немесе біреуді алдап келгендер сотқа дейін татуласып тарқасатын. Ал жәбірленушінің кешірімін алған үздіксіз қылмыстың әккілеір арам қолын қайтадан былғап жатады. Сол себепті, тергеушілердің табандылығының арқасында бірнеше мәрте осындай қылмысқа барғандарды бұдан былай кемі 7 жыл темір тор күтіп тұр. Әрі мұндай қылмысқа барғандарға соталды тергеу кезінде кешірім беру алынып тасталды. Сол себепті, генерал бірінші жартыжылдықта мұның қандай нәтиже беретінін күтеміз деді. Айтуынша, қылмыстың аталған кең тараған түрін белгілі бір топтар жасайды.
Есірткі қылмысына тосқауыл қою тәртіп сақшыларының жіті назарында. Тек өткен жылы 483 есірткі қылмысының, соның ішінде 126 саудалаудың жолы кесіліпті. Заңсыз айналымнан 67 келіге жуық, соның шінде 2,4 келіден артық героин, 46,1 келі марихуана, 16 келі гашиш тәркіленіп алынған. 2018 жылғы жедел-ісдестіру шараларының қортындысы бойынша биылғы қаңтар айында Орт ныспылы есірткі саудалаушы қолға түсіп, заңсыз сақтаған 1 келі 615 грамм ірі көлемдегі героин партиясының жолы кесілді деді баяндамашы.
Қазіргі уақытта облыс орталығында қылмыскерлерді уақытша ұстау изоляторы жоқ. Жақын маңда Рудный қаласында орналасқан. Осы сауалды қойған тілшілерге Бекет Аймағамбетов мұндай нысан Қостанай қаласында алдағы мамыр айында қолданысқа беріледі деді.
 
Қ.Қиысхан

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓