Сында – оқушы мен ата-ана

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Туған жер» бағдарламасының аясында ерекше спартакиада өтті. Ерекше дейтініміз, жарысқа оқытушылармен қатар ата-аналар қоғамдастығы да өзара команда құрып, бақтарын сынап көрді.11
Шараның басты мақсаты – студенттермен қатар, олардың ата-аналарының бойында туған жерге, өскен ортаға, ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан қарашаңыраққа деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру. Сондай-ақ, бала тәрбиесі жолында ата-аналар мен білім мекемелерінің қоян-қолтық жұмысын жандандыру.44
 
55
22
33
66Спартакиадада ата-аналар қоғамдастығы ерлер мен әйелдер арасындағы үстел теннисінде, дартс пен дойбыда алдына жан салмады. Олардың басты қарсыластары тек волейбол ойынында мықты екендіктерін дәлелдеді. Осылайша жалпы қорытынды бойынша жарыстың бас Кубогын ата-аналар құрамасы жеңіп алды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓