Жанкүйер тілегі тыңдалды 

"Тобыл" ФК жанкйүерлермен кездесуі қалалық балалар шығармашылық орталығында өтті. Алдымен, 2019 жылғы футбол маусымына жасақталған команда құрамы таныстырылды. Айта кетейік, биыл клубқа жаңадан бірнеше ойыншылар келді. Атап айтқанда, қақпашылар – Балаев пен Пасеченко, қорғаушылар – Клещенко мен Семченков, жартылай қорғаушылар – Бочаров, Валиуллин, Гордейчук және шабуылшы – Себай. Бастысы, клубты белгілі ресейлік маман Владимир Газзаев жаттықтырады. 
_11iqJtktXw
«Тобылдың» жаңа құрамымен танысудан соң жанкүйерлер сауал қоюға көшті. Алдымен, селекциялық жұмыстар жөнінде сұрақ қойылды. Клуб басшылары алдағы уақытта командаға керек əр ойыншыны сақтауға уəде етті. Жиылған жұрт Максим Фединді ұстап қалу жағын да айтып қалды. Бұл сұраққа команданың директоры Николай Панин жауап берді. 
— Команданың шынайы жанкүйерлеріне алғыс айтамыз. Сіздердің əр ұсынысыңызды ескеріп, талқылайтын боламыз. Осындай жанкүйерлері барда Максим ешқайда кетпейді деген ойдамын, — деді клуб басшысы. 
Бірнеше сұрақ команда капитаны Азат Нұрғалиевке қойылды. Мәселен, Наурызбай Әмірхамзин есімді жанкүйер: «Азат, 2010 жылғы құрамнан сіз ғана қалдыңыз. Биылғы жігіттер сол сіздердің ерлікті қайталай ала ма?» — деді. 
— Биыл «алтыннан» үміт бар. Дарынды жастар келді. Расын айту қажет, ол кезде заман басқа еді. Қазір басқа уақыт. Сондықтан артық уәде бермеймін. Дегенмен, осы жылы жанкүйерлерімізді жеңістермен қуанту үшін барды саламыз, — деп түсіндірді. 
«Тобылдың» жанкүйері Елена Ботвинова арнайы спорт дүкенін ашу туралы ұсыныс айтты. Николай Панин бұл сұрақтың қаралып жатқанын жеткізді. Сұрақтар легі бас бапкерге көшті. Жанкүйердің қорғаныста қандай тактика қолданасыз деген сауалына: 
— Қазір бізде жаңа құрам. 3 немесе 4 қорғаушымен ойнаймы ба, уақыт көрсетеді. Бәрі әлі алда. Сол себепті алдағы уақытта əр іске жауапты қараймыз, — деп қысқа қайырды В.Газзаев. 
TKQ0n90p02A
Футбол комментаторы Виталий Лисицких стадионның жай-күйі туралы сұрақ тастады. Директордың сөзінше, алаң сапасы қысқы мезгілге төтеп берсе, ойындар орталық стадионда неғұрлым ертерек басталады.
Кездесуде басқа да сұрақтар мен тілектер болды. Шара соңында жанкүйерлер сүйікті ойыншыларымен әңігмелесіп, естелік суретке түсуге мүмкіндік алды. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓