Сапалы байланыс орнатса екен 

            Өрнек ауылдық округінің ауылдары қазақстандық ұялы оператор қызметіне мұқтаж! Біз «КСеll», «Теlе 2», «КарТел» (Вееline), қайсы болса да, сапалы байланыс орнатқанын қалаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе.связь
            Мысалы, үстіміздегі жылдың  22 ақпаны күні «Қарабалық – Өрнек» тас жолының «Михайлов–Өрнек» бөлігінде жолда қалдық. Көлік сынды. Ұялы байланыс жоқ. Жел үрлеп, жолды қар баса бастады. Абырой болғанда, арамызда бала-шаға, қарт кісілер болған жоқ. Соған шүкір дедік.
Құтқару қызметінің  «112» нөмірін терсек, Ресейдің ТЖҚ қызметі. Олардан қайыр болмады. Қазақстандық ұялы байланыс қызметі біз сынған жерде өте нашар. Себебі, Өрнек ауылдық округінде қазақстандық ұялы байланыс ұстамайды. Байланыс 30 шақырымдай жердегі Михайлов ауылында ғана бар. УАЗ көлігінің үстіне шықтық. Байланыс үзілмелі әрі өте әлсіз. Көмекке ауылдан  «Нива» көлігі бар К.Қонақпаевты шақырдық. Ауыл әкімі Оразхан Мұқтарұлына хабарластық. Ол шекарашыларды көмекке жіберді. Бәріне алғыс айтамыз. Бұл – әлсіз де болса ұялы байланыстың арқасы. Жол бойында ұялы байланысқа шығу мүмкіндігі 3-4% ғана болса да біздің жолымыз оңғарылды..
Сонымен, жолда бес  сағаттан астам уақыт тұрдық. Көмек жеткенше, «УАЗ» көлігі (үстіне шығып, нашар болса да ұялы байланысқа шығу мүмкіндігі болғаны) және сынған көліктің от алуы біздің үсіп кетпеуімізге сеп болды. Осылайша,  жағдайдың «күрделеніп» кетпеуінің алдын алды.
Десек те, біз жолда ұзақ бөгелдік. Егер, көлік сынған жерде ұялы байланыс болмағанда қайтер едік? Ал, арамызда балалар, қарт кісі болса не істер едік? Әрі сынған көлік тұтанбаса жағдай не болар еді? Ойлаудың өзі қорқынышты, қайғылы оқиға болуы да мүмкін ғой. Сыртта оқитын балалар бар, ел ауырмай-сырқамай тұрмайды. Сондықтан, ұялы байланыс орнату – өзекті мәселе!
Халық санының аз болуы – сылтау, адам өмірі бәрінен қымбат! Себебі, өзіміз аз халықпыз, демографиямыз әлсіз… Жуырда, Астана қаласынан қайғылы хабар тарады. «Апат айтып келмейді», жолда балалар не қарттар үсіп кетпесін десек, алдын алайық.
 
                                                                         Төлен РАМАЗАНҰЛЫ,
                                                                         Қарабалық ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓