14 адам құтқарылды

Арқалық-Жезқазған тасжолында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.images
Кеше сағат 09:00 шамасында облыстық ТЖД кезекші бөліміне «Арқалық-Жезқазған» тасжолында 2 жеңіл көліктің тұрып қалғаны туралы хабар түскен.
«Жалғызтал ауылынан 15 шақырым жерде "Toyota Corolla" және "Газель" маркалы екі автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктердің ішінде барлығы 14 адам болды», — деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Оқиға орнына Арқалық қаласы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы жұмылдырылды. Олар арнайы көліктермен жолды тазалап, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Құтқарушылар тобы қар құрсауында қалған адамдарды Арқалық қаласына жеткізді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓