«Қаншеңгел» дауы

9 ақпан күні Астана қаласындағы «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубында "Қаншеңгел" термесі төңірегіндегі мәселелер талқыға алынды. Бұл туралы "Руханият орталығының" фейсбуктегі жеке парақшасында жазылады.51733887_796612134026264_5163533657482199040_n
«Қаңшеңгел» поэмасы: авторы кім? Деректі бұрмалау – тарихқа адалдық па?» тақырыбында өрбіген пікірталасқа Қостанай, Арқалық қалалары мен Аманкелді ауылынан әділдік іздеп келген зиялы қауым өкілдері Астанадағы ғылыми-шығармашылық топтан төрелік сұрады.51748934_796612127359598_642678071287087104_n
Түйткілі көп түйінді шешуге арналған жиын барысында «Қаншеңгел» поэмасының авторы, ақын Хамитбек Мұсабаев, поэмаға ән жазған композитор, жыршы Нағашыбай Алпысов, толғауды орындаушы, жыршы Абзал Алпысов, Торғай өлкесінің әдебиеті мен мәдениетін зерттеп жүрген профессор Айбек Қалиев, жас зерттеуші Батырлан Сағынтаев деректі, дәйекті және ғылыми-теориялық пікірлерін ортаға салып, қарсы тарап өкілдерінің уәждеріне қисынды қарсылық білдірді. Жиынға қатысқандар арасында белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы болып, түйткіл төңірегіндегі ойын ортаға салды.51978450_796612227359588_1083517637717131264_n
 
51861105_796612210692923_4389671599754706944_nЕстеріңізге салсақ, бұл шығарманы әлдекімдер Ахмет Байтұрсынұлы өзі жазған деген ұшқары пікір білдіріп, арты дауға айналған еді. Ол туралы біздің сайт та жазып, әннің Абзал Алпысовтың орындауындағы бейненұсқасы да жарияланған болатын. 
 
 
Суреттер "Руханият орталығының" фейсбуктегі парақшасынан алынды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓