Қоғамдық кеңес мүшелері сайланады

Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – ҚК) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру жарияланды. 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының 9 – бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңестер туралы» Үлгілік ереженің 22-тармағына сәйкес, «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ 2019 жылғы 22 қаңтардан 2019 жылғы 4 ақпанға дейін (қоса алғанда) Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттар бойынша құжаттар  қабылданатынын хабарлайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:
1) соттылығы болмауы;
2) Сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот заңда белгіленген тәртіппен кінәлі деп таныған болмауы;
3) психикалық ауруы, алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлық себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы міндетті.
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.».
Үлгілік ереженің 26, 18-тармақтарының негізінде,  Қостанай облысы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы отырысының  2019 жылғы 21 қаңтардағы хаттамасына сәйкес Қостанай облысы  Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы саны — 25 адам (оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінен -4, азаматтық қоғам өкілдігі — 21) анықталған.
Аталған құжаттар күн сайын, сенбі мен жексенбіден басқа, 2019 жылғы 22 қаңтарда сағат 09.00-ден 2019 жылғы 4 ақпанда сағат 18.30-ға дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады: "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" ММ, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 509-кабинет, тел: 575600, 575605. Электрондық пошта адресі: [email protected]
Ескертпе: егер кандидатпен Заңының 10-бабы  бойынша мәліметтер ұсынылмаған жағдайда (соттылығы болмауы, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы туралы), кандидат деректер сұрауға жазбаша келісімін береді (келісімді  ұсынысқа немесе өтінішке қоса беруді сұраймыз).
 
Ұсыныстар мен өтініштердің шамамен алған үлгілері (ворд).
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓