Чемпионға – «Құрмет» ордені

Облыстық дене шынықтыру және туризм басқармасы өткен жылды қорытындылап, ең үздік 15 спортшыны анықтады. Олардың қатарында паралимпиада чемпионы, жерлесіміз Александр Колядин де бар. "Құрмет" ордені елбасының жарлығымен бекітілгенін айту керек.20181225165939
Осы жыл қостанайлық спортшылар үшін нәтижелі болды. Бірқатар халықаралық, республикалық жарыстарда жерлестеріміз чемпион атанды. Жыл бойы көзге түскен жүйріктер жыл айрығында лайықты марапатқа ие болды. 2018 жылдың  үздік он спортшысының көшін Қазақстан тарихындағы қысқы Паралимпиада ойындарының тұңғыш чемпионы Александр Колядин бастады. Ол Пхенчхандағы Паралимпиадада «алтын» жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін 1994 жылы Лиллехаммердегі  (Норвегия) Паралимпиадада шаңғышы  Любовь Воробьева күміс медаль алған еді.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов чемпионға «Құрмет» орденін тапсырды. Облыс басшысы құттықтау сөзінде 2018 жылдың жетістіктерін айтып, спорт инфрақұрылымының дамуына тоқталды.
«Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 60-қа жуық спорт нысанын пайдалануға бердік. Келесі жылы Жітіқара қаласында тағы бір спорт кешені салынады. Сонымен қатар, шаңғы базасының құрылысы аяқталады. Оған 400 млн теңге қаражат бөлдік», — деді Архимед Мұхамбетов. Жылдың үздік спортшыларының қатарында шорт-трекші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анастасия Крестова, шаңғышылар — Денис Кузин, Виталий Пухкало, Айбек Байділдиновтер бар. Сондай-ақ, зілтеміршілер — Залим Кувамбаев пен Қабыл Тұрсынай, күрес шеберлері — Вейсал Эюбов пен Маргарита Гриценколар озық шықты.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓