65 баспана кілті табысталды

Бүгін Қостанай ауданының Заречный кентіндегі Северный шағын ауданында 65 отбасы жеке тұрғын үй кілтіне ие болды. Қоныстанушыларды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтай барды. DSCN3223
 
DSCN3220
DSCN3226ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған жаңа үйлер өз қожайындарын тапты. Бұл баспаналардың құрылысымен "Арвис", "Ақжан және біз", "Монтажник ОА-к" ЖШС-тері айналысқан. Қуаныш иелерін облыс әкімі А.Мұхамбетов құттықтап, тұрғын үй кілттерін табыстау рәсімін өткізді.DSCN3228
— Құрметті Қостанай ауданы тұрғындары мен қонақтары, сіздері ең әуелі келе жатқан ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Бүгін біз осы мереке қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтің тікелей тапсырмасымен қабылданған "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Северный" мөлтек ауданында жаңа жее тұрғын үйлердің кілттерін тапсырғалы тұрмыз. Бұл – заманауи мөлтек аудан. Үйлердің сапасын өздеріңіз көріп отырсыздар. Барлық құрылыс материалдары – жергілікті зауыт өнімдері. Баспаналардың орташа көлемдері – 100-120 шаршы метр. Барлық инженерлік желілермен қамтылған. Оған бюджеттен арнайы қаражат бөлінді. Мысалы, тек қана көшелерін асфальттауға, абаттандырып, көркейтуге 1 млрд 900 млн теңге берілді. Сондай-ақ, 500 млн теңге электр қуатымен, көгілдір отынмен, ауызсумен қамтуға бөлініп отыр. Кәріз құбырларын тартуға 385 млн теңге жұмсалды. Демек, сіздердің жайлы өмір сүрулеріңізге барлық жағдай жасалған, — деді Архимед Бегежанұлы. DSCN3233
 
DSCN3235
DSCN3239
DSCN3243
DSCN3251
DSCN3246
DSCN3257Кілт тапсыру рәсімінен соң аймақ басшысы баспаналы болып отырған құқыққорғау саласының зейнеткері Диас Ускиннің шаңырағына бас сұғып, дастарханнан дәм ауыз тиіп, құттықтау лебізін айтып шықты. DSCN3268Диас Қуанышұлы осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрмыс кешіп келген. Осындай жақсы мүмкіндік ұсынған "Нұрлы жер" бағдарламасына алғысын айтып отыр. Ол бүгіннен бастап бала-шағасымен, ата-анасымен аумағы 104 шаршы метрлік 4 бөлмелі меншікті баспанасына қоныстанды.DSCN3212
 
DSCN3219Жалпы, бұл жаңа ықшам ауданда 300-ге жуық жеке тұрғын үй бар. Әлеуметтік инфрақұрылым да баспана құрылысымен бірге бой көтеріп жатыр. 430 орынға шақталған мемлекеттік тілде білім беретін орта мектеп тұрғызылды. Таяу келешекте бұл ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 320 орындық балабақша, спорттық мекемелер, сауда нысандары және әкімшілік ғимараттар пайда болады. 
 
Ж.Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген автор

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓