Жерлесіміз мемлекеттік сыйлық лауреаты!

Мемлекет басшысының қаулысымен, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды. Лауреаттар қатарында жерлесіміз, опера әншісі Сүндет Байғожин бар.сундетСүндет Әбдірахманұлы бұл сыйлыққа дейін де Қазақстанның ғана емес, алыс-жақын шетелдердің марапатына сан мәрте ие болған. Сирек дарын иесінің осы жолғы жүлдесі оның қазақ өнеріне қосқан өлшеусіз үлесінің дәлелі іспетті.
Осы орайда назарларыңызға Елбасы қаулысының мәтінін ұсынуды жөн көреміз: 47681642_199896860913645_5591990558319968256_n
"Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы: 1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке — «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;
2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға — «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке — «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға — «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа — «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
Барлық лауреатты ұжым атынан құттықтаймыз!
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓