Таланттылар «Триумф» тұғырында 

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қостанай облысындағы талантты оқушылар, олардың ұстаздары мен жаттықтырушылар марапатталды. Дарынды жастарға жыл сайынғы «Триумф» жүлдесі табысталды. DSC_0035
DSC_0045
DSC_0041
DSC_0040«Триумф» жүлдесі республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық байқауларда жүлде алған оқушыларға тағайындалады. Аталмыш марапат біздің облысымызда 2010 жылдан бастап беріліп келеді. Биылғы марапаттау рәсімі Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның күмбезді залында өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы қатысып, үздік жастарды құттықтады. Белгілі кәсіпкер, «Қарасу» АӨК» ЖШС бас директоры Алмат Тұрсынов, арбада отырып билеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәлика Мұқтарова да осы кештен табылды. Халықаралық байқауларда еліміздің намысын қорғап жүрген жастарды өңір басшысы құттықтап, 100 мың және 500 мың теңге аралығындағы сертификаттармен, «Триумф-2018» естелік мүсіншесімен марапаттады. DSC_0100
DSC_0115-Еліміз егемендігін алған сәттен бастап мықты білім беру инфрақұрылымын жасауға көңіл бөлді. Дүниежүзілік банкі өткізетін жобаға сәйкес, адам капиталын дамыту көрсеткіші бойынша Қазақстан 157 елдің ішінде 31-орында тұр. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар жас ұрпақтың шығармашылықпен, спортпен айналысуларына барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Соның айқын дәлелелі ретінде жыл сайын Қостанай облысының талантты жасөспірімдерімен кездесіп, оларды еңбектеріне қарай марапаттап отырамыз,-деді Архимед Мұхамбетов. 
Жыл бойы жоғары нәтиже көрсеткен дарынды, спортшы, өнерлі оқушылар мен олардың ұстаздары өздерінің жетістіктерін баяндады. Олардың еңбектеріне қарап, шынымен де, көңіл толады. Мәселен, мәдениет саласында танылып жүрген, «Шығыс ертегісі» халықаралық музыкалық көркемөнер шығармашылық байқауында эстрадалық воал аталымы бойынша 2-дәрежелі лауреат атанған Нұрым Әуезхан көптеген қатарластарына үлгі.DSC_0108
DSC_0197
DSC_0205-Мен бала кезімнен ән тыңдағанды жақсы көремін. Анамның айтуы бойынша, әнге деген құмарлық маған атамнан берілсе керек. Біздің өңір, әсіресе, Торғай даласы талантқа бай. Мысалға, Нұржан Наушабаев, Сүндет Байғожин, Бақытжан Байқадамов. Бұлардың барлығы бізге таныс. Олар тек ғана Қазақстан ғана емес, әлемдік сахнаға шығып өнер көрсеткен. Менің бойымдағы қабілетті кішкентайымнан байқап, шыңдаған ұстаздарыма алғысым шексіз. Мен бірнеше тілде ән айтамын. Алайда, ана тіліндегі, қазақ тіліндегі әндер бойдағы ерекше сезімді оятады деп есептеймін. Менің сүйікті әншім Батырхан Шүкенов. Оның «Отан-Ана» деген тамаша әні бар. Осы әнді орындау арқылы, Ресейде өнер көрсетіп, 2-орынды алған едім,-деген жас әнші Нұрым дәл осы әнді көпшіліктің алдында жанды дауыста орындап берді. Бұдан әрі спортшы жастарға кезек берілді. Олар да жетістікке жету жолындағы қажырлы еңбектерін баяндады.DSC_0187
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

10 Responses

  1. Ахмет айтты:

    Триумф жүлдесі жастарға деген көп ынта береді. Осы жеңімпаздар үшін қуаныштымын. Жарайсыздар

  2. Самат айтты:

    керемет. Әсіресе аудан жастары осындай марапаттарға ие болып жатқандары қуантады. Бәрекелді.

  3. Малик айтты:

    Әрине барлық жасалған еңбек, барлық атқарылған іс марапатталу керек. Ал мынадай биік марапат қуантады.

  4. Ерген айтты:

    Дұрыс іс-шаралар болып жатыр екен жастарға арналған. Түрлі бағыттағы жастардың еңбегі бағалануда.

  5. Айбек айтты:

    Үздік жастар талауына лайықты болу керек деп ойлаймын. Әрине елімізде талантты жастар өте көп, оларға жақсы болыпты.

  6. Тимур айтты:

    Очень радует такие мероприятия. Надеюсь все лидеры года поймут значимость своего титула и будут работать еще упорнее

  7. Мурат айтты:

    Отличная возможность для молодежи. Есть много молодых людей, которые трудятся и теперь пожимают свои плоды.

  8. Абылай айтты:

    Хорошо, что здесь охвачена молодежь разной отрасли. Медицина, общество, образование, правоохранительные органы и т.д.

  9. Даурен айтты:

    Очень интересует вопрос, кому же достанется главная номинация лидера года. Кто станет лучшим из представителя молодежи?

  10. Әлібек айтты:

    Очень много кто достоин получить данную премию лидера года. Радует что проводятся такие проекты.

Даурен үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓