БАҚ кеңесінде не айтылды?

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында елдің технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы қарқынды даму кезеңіне қадам басқаны айтылды. Бұл тұста Елбасы жаһандық өзгерістерге ілесу мақсатында елімізде жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыратын индустрияландыру, ресурстық әлеуетті дамытуды айтып, аталған міндеттерді шешуге жұмылу қажеттігін жеткізді.
IMG_3269
1 шілдеден бастап Қостанай облысы телерадио хабарларды тек сандық жүйеде көретін болады. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен БАҚ кеңесі жиынында айтылды. Жиынға мемлекеттік мекеме, БАҚ басшылары қатысты. Сондай-ақ, барлық қала-аудан әкімдерінің орынбасарлары бейнеконференция арқылы қосылды. Алдымен, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Бәйменованың баяндамасы тыңдалды.
— Бұған дейін өткен БАҚ кеңесінде облыс әкімінің брифинг өткізу тапсырмасы талқыланды. Соған сәйкес, өңірлердегі мемлекеттік органдарға баспасөз хатшылар тағайындау тапсырылды. Қазірге дейін 23 қызметкер жұмысқа алынды. Олардың жұмыстары негізінен мемлекеттік органдардың жетістіктерін, тың жобаларын көрсетуге бағытталған. Мұның сыртында ішкі саясат басқармасы да салалық жұмыстарды қолға алды. Мәселен, жыл басынан бері 6 оқыту семинарын өткіздік Ержан Сүлейменов, Қанат Әуесбай сынды елге танымал спикерлерді шақырдық. Өңірлік коммуникациялар қызметінде әкімдердің қатысуымен 9 брифинг өтті, — деді басқарма басшысы өз сөзінде.
IMG_3285
Басқосуда қала мен ауыл тұрғындарын ақпараттандыру мақсаты сөз болды. Марат Жүндібаевтың айтуынша, 1 шілдеден бастап аналогты хабар тарату тоқтатылады.
— Енді шалғай ауылдардың тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Соған байланысты халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілу қажет. Себебі, маған белгілі деректер бойынша, Лисаков қаласы респонденттерінің 48%-ы, Денисов ауданы тұрғындарының 48%-ы бұл жаңалық туралы білмейді. Бұл дегеніңіз үлкен проблема. Кейін опық жейтін біз боламыз. Сондықтан тұрғындарды қазірден бастап құлаққағыс етіңіздер. Мұны қадағалауды ішкі саясат басқармасына тапсырамын, — деді М.Жүндібаев.
IMG_3257
Бүгінде Арқалық қаласында 1 телеарна бар. Дегенмен, ондағы жабдықтар әлдеқайда ескірген. Марат Жүндібаев осы мәселеге қатысты Арқалық қаласы әкімдігіне нақты тапсырма жүктеді.
— Қысқа мерзімде қажетті құрал-жабдық сатып алудың жоспарын жасаңыздар. 1 шілдеден бастап сандық жүйеде хабар таратамыз десек, сіздер бұған дайын болуларыңыз қажет. Аналогты хабар тарату өшкен соң, сіздердегі ескі құрылғылар қажетсіз болып қалады. Осыны ескеріңіздер, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров Алматы қаласындағы компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓