Қобыз сазы самғаған кеш

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның белгілі өнерпазы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Батырбек Байназаровтың 50 жасқа толу мерейтойына орай шығармашылық кеші өтті. DSC_0728Қазақтың қылқобызын қырық жыл қолынан тастамаған хас күйшінің өнерін тамашалауға халық аз жиналған жоқ. Аңыз аспаптың шанағынан төгілген құдіретті үн, мұңлы қою саз тыңдарманның көкірегін ерекше сезімге толтырғаны анық. DSC_0735Мерейтой иесі қылқобыз сүйемелімен сахнада жеке де, оркестрмен де сан алуан күй ойнады. Тіпті, домбыра, барабан, гитара, пианино аспаптарымен айрықша үйлесімді композициялар да тарту етті. DSC_0795
DSC_0863
DSC_0880
DSC_0875Айта кету керек, Б.Байназаровтың кешіне, жергілікті өнерпаздармен қоса, Астана, Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларынан өмірдегі, өнердегі достары, елге есімдері белгілі әртістер арнайы келді. Олар да жиылған көпшілікке өнерлерін паш етіп, ықылас-қошеметке бөленді. DSC_0804
 
DSC_0837Кеш иесіне Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты. Мақаланы толығырақ газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓