Гимназияға Б.Майлин есімі беріледі

Рудныйдағы №7 мектеп гимназиясына Бейімбет Майлиннің, Қостанайдағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебіне Владимир Матвиенконың есімі беріледі. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды.
Алтыншы шақырылымның кезектен тыс сессиясында ең әуелі облыс бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі сөз болды. Экономикалық ауанға, қалыптасып отырған қажеттіліктерге байланысты қазына қаржысы қайта қаралғаны айтылды.
— 236 млн теңге шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында "Даму" қорына бөлініп, шағын несиелендіру мүмкіндігін арттыру көзделді. Сондай-ақ, Арқалық қаласы мен Қарасу ауданына жалақы көлемін өсіру және коммуналдық саланы жетілдіру үшін 140 млн теңге бағытталады. Оның ішінде, 17,3 млн теңге Арқалыққа 5 мың тонна мазут алуға жұмсалмақ. 7 млн теңге Лисаковтағы 6 көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстарына бөлінеді, — деп нақты ақпарат берді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Елена Дерий. 
Келесі кезектегі мәселеле де ұзақ талқылаудан өткен көрінеді. Оны сессияға төрағалық еткен Облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов мәлімдеді. Бұл – ҚР азаматының Қостанай облысы аумағында ауыл шаруашылығы мақсатында уақытша пайдалану құқығында болатын жердің шекті көлемін белгілеу ұсынысын бірлесе қолдау. Депутаттардың мақұлдауы бірауыздан шықты.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелердің ішіндегі ең елеулілері – Таран ауданына және Рудныйдағы №7 мектеп гимназиясына Бейімбет Майлиннің, Қостанайдағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебіне Владимир Матвиенконың есімін беру. Облыс депутаттары бұл ұсыныстарға да түгелдей қол көтеріп, келісімдерін берді.
 
Иллюстрациялық сурет

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓