Қостанайға АҚШ инвесторлары келді

Қостанай облысына АҚШ-тан 18 делегат келді. Меймандар іссапарының мақсаты – Тобыл өңірінің Агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін барлау. Делегация құрамында Tyson Fresh Meat Inc., Global Beef Investors, ANIMART Dairy & Livestock Solutions, VALLEY, VALMONT Irrigation, 3rd Millennium Genetics LLC сынды белгілі әлемдік компаниялардың жетекшілері мен акционерлері және қазақстандық кәсіпкер, KUSTO GROUP Директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев бар.WhatsApp Image 2018-11-09 at 16.02.42
 
WhatsApp Image 2018-11-09 at 16.03.51Іссапар бағдарламасы бойынша делегаттар өңірдің көптеген әлеуетті нысанын аралайды. Қонақтар бүгіннің өзінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін және азық-түлік өнімдерін өндіретін бірқатар кәсіпорында болып үлгерді. Атап айтқанда, олар "МИЛХ", "Садчиковский", "Қарасу-Ет" сынды серіктестіктердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Т. Нұрмұхамбетов пен облыс әкімінің орынбасары М.И. Мырзалиев Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта делегациямен кездесу өткізді. Ол жерде меймандарға облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өңірдің АӨК дамытудың басым бағыттары мен инвестжобаларды іске асыруға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімделді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу тұрғысында кең мағлұмат берілді.WhatsApp Image 2018-11-09 at 16.04.39
 
WhatsApp Image 2018-11-09 at 16.03.50Инвесторлар өңірдің үлкен әлеуетке ие екеніне көз жеткізгендерін айтты. Оған қоса, барлық жағдай, бай ресурс, шикізаттық база және мемлекет тарапынан толық қолдаудың барына оң баға берді. 
Жалпы, делегация тек ет саласында ғана емес, өсімдік дақылдарын өсіруде, сүт өнімдерін өндіруде және т.б. жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Күннің екінші жартысында олар Жітіқара ауданына барды. Ертең, яғни 10 қарашада олар облыс әкімі А.Мұхамбетовпен кездесіп, іссапар қорытындысы ретінде ықтимал әріптестікті нақтылы түрде талқыға салады.WhatsApp Image 2018-11-09 at 16.02.42(1)
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Tyson Fresh Meat Inc. – Tyson Foods, Inc. компаниясының еншілесі. Ол сиыр және шошқа етін жеткізуші әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі. 1960 жылы құрылған. Орналасқа жері Оңтүстік Дакота (АҚШ). Оның өндіріс аумағы барлық Солтүстік Американы қамтиды. 
Global Beef Investors компаниясы жаһандық нарықта мүйізді ірі қараны өрістету, генетикасы мен азығын дамыту тұрғысындағы мәселелердің шешімдерін табуға атсалысады.
ANIMART Dairy & Livestock Solutions компаниясын 1982 жылы ветеринаром Джим Мец және оның жұбайы Рут екеуі құрған. Штаб-пәтері Висконсин штатындағы Бобр-Дам қаласында орналасқан. Ол сүт өнімдері мен мал шаруашылығы саласындағы түйткілдердің кешенді шешімімен қамтамасыз етумен айналысады.
Valmont Industries, Inc. компаниясы – ауыл шаруашылығы өнімдері үшін инфрақұрылым мен нарықтарға арналған өнімдер мен қызметтерді жетекші өндіруші және дистрибьютор. Оның еншілес компаниясы Valley Irrigation – суару технологиясын дамытуда индустрияның сенімділігімен (25 миллион акрды суару арқылы) механикаландырылған суармалы жабдықтардың әлемдік көшбасшысы.
3rd Millennium Genetics LLC компаниясы – тұқым өнеркәсібінде қызмет көрсету және зерттеумен шұғылданады. 2005 жылы Санта-Исабельде (Соломон аралдары) құрылып, қызметін Оливияда (Миннесота штат, АҚШ) 2013 жылы кеңейтті.
Kusto Group Inc. холдингтік компания. Ол құрылыс материалдарын, мұнай және газ өндірумен, энергетикамен, азаматтық құрылыспен айналысады. 1998 жылы құрылды, орналасқан жері – Сингапур. Сондай-ақ, компания  Вьетнам, Қытай, Таиланд, Үндістан, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Украин, Түркия, Грузия және Канада мемлекеттерінде жұмыс істейді.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓