«Жастар жылы»  –  тарихи мүмкіндік

d41a2975-d1f9-44ca-a3c9-6dd53eec95caМейрам Оспанов,
Жастар ресурстық орталығы мониторинг бөлімінің басшысы:
 
Нұрсұлтан Назарбаевтың келер жылды «Жастар жылы» деп ұсынуының мәні тереңде жатыр. Сондай-ақ, Қазақстанда бойскаут негізінде «Сарбаз» жасөспірімдер клубын құруды тапсырды. Осындай жарқын идеялардың барлығы дерлік үлкен мән-мағынаға ие. Биылғы Жолдауды еліміздің тірегі жастар мәселесіне жете мән берілгендігімен аса маңызды деп санаймыз. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат. Жолдауда жоғары оқу орындарынан білім алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. Оқу бітіруші түлектердің мамандықтарына сәйкес жұмыс істеуінің әлеуметтік-экономикалық астары түптеп келгенде еліміздің даму индексін анықтайды. Білікті маман даярлау және оны жұмыспен қамтамасыз ету, білім беруші және жұмыс ұсынушы мекемелер арасындағы байланысқа жаңаша сипат беретін болады.
      Еліміздің даму стратегиясы жүзеге асатын болса, жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓