Кәсіби мерекемен құттықтады

Қазан айының алғашқы жексенбісі халықаралық ұстаздар күні ретінде аталып өтіледі. Мұғалімдер мен білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.IMG_9329
 
IMG_9330
IMG_9333Мерекелік жиынға облысымыздың үздік педагогтары мен осы саланың ардагерлері шақырылған екен. Мәдениет үйіне жиналған көпшілік ардагер ұстаздарды зор қошеметпен қарсы алып жатты. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев осы іс-шараға қатысып, мереке иелерін құттықтады. Артынша мамандығының майталманы атанған озық ойлы педагогтарды «ҚР білім беру ісінің үздігі» және «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапаттап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасын, алғыс хатын және облыс әкімінің грамотасын, «Ұлағат» премиясын табыстады.IMG_9385
— Қадірлі еңбек ардагерлері, құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың атынан мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ағартушы, жерлесіміз Ы.Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық. Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Ағартушы салған дара жол қазақ халқын өркениетке жетеледі. Оның ізін тәуелсіз Қазақстанның ұстаздар қауымы абыроймен жалғап келеді. Қазіргі таңда елімізде білім беру саласын жаңғырту, оқу мазмұнын жаңарту жұмыстары кең ауқым алды. Білімнің сапасы, қолжетімділігі және тиімділігі осы саланың негізгі басымдықтары болып отыр,-деді М.Жүндібаев өз сөзінде.IMG_9366
 
IMG_9492
IMG_9390
IMG_9546Елімізде білім беру саласын жаңғыртуға жыл сайын ерекше көңіл бөлінетіні белгілі. Күні бүгін Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында педагогтардың мәртебесіне мән беріп, балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысын көтеруді тапсырған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қабылданатын болады.
 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓